
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай ауданы әкімдігі және Шымкент қалалық мәдениет үйі ұжымы Шымсити шағын ауданындағы көшелерге көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шымсити шағын ауданында орналасқан көше бойы тазаланып, көшеттер отырғызылды, талдарды баптау жұмыстары атқарылды.
Айта кетсек, бұл апта Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы болып бекітілген болатын.