
ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 25 жылдығы және 22-желтоқсан архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұлттық архив қоры – ұлт құндылықтары» атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Архившілердің Әнұраны орындалып, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры А. Амангельдиева ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының мемлекеттік архивтердің жеке және заңды тұлғалардың архив саласындағы қоғамдық қатынасты реттеудегі ролі мен маңызын атап өтіп, ел тарихын толықтырудағы ҚР Үкіметінің бекіткен «Архив - 2025»кешенді жоспарына сәйкес шетел архивтерінен әкелінген құжаттармен толығуы, насихатталуы туралы баяндап, архившілердің сала бойынша архив ісінің дамуы үшін қызметтеріне табыс тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары А. Сейтаева «Ұлттық архив қоры – ұлт құндылықтары» атты баяндама /слайдпен/ оқылып, архивтің тыныс-тіршілігін, жеткен жетістіктерін баяндады.
ІІ-бөлімінде «Тәуелсіздік», «МАГДУС», «Жеті жұлдыз», «Элар», «Су сұлулары» атты командалық өнер сайысы өтті. Қорытындысында командалар «Дипломмен», бағалы сыйлықтармен, мерекеге орай Х. Кумекбаева Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының «Үздік қызметкер» медалімен, мекеме қызметкерлері «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Шымкент қаласының білім бөлімі «Оқушылар сарайының» көркемөнерпаздары әндерімен шашу шашты.
https://www.facebook.com/share/p/Sg6P1jsHWqFfuyCu/?mibextid=qi2Omg
https://www.facebook.com/share/v/zRmd7qbNSfX99JtP/?mibextid=qi2Omg





