2023 жылғы 26 қазанда Республика күніне орай ұйымдастырылған «ЕҢБЕК. ТҰЛҒА. ҚҰРМЕТ.» атты іс-шара өтті.

2023 жылғы 26 қазанда Республика күніне орай ұйымдастырылған «ЕҢБЕК. ТҰЛҒА. ҚҰРМЕТ.» атты іс-шара өтті.

2023 жылғы 26 қазанда Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде Республика күніне орай ұйымдастырылған «ЕҢБЕК. ТҰЛҒА. ҚҰРМЕТ.» атты іс-шара өтті.

Іс-шараға М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Н. Әлібек, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Ә. Жанысбекова, Түркістан облысының мемлекеттік архивінің басшысы А.К. Исатаева, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің басшысы Г.С. Шардарбекова, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы С. Ауесханов, Шымкент қаласы білім басқармасының «№80 ІТ лицей-мектебінің ұстазы мен оқушылары қатысты.

Іс шарада  «Архив-2025» кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес Ресей мемлекетінің архивтерінен әкелінген тарихи құнды және жеке тектік құжаттар негізінде жасалған «Туған өлке тарихы» көрмесін тамашалады.  Сонымен қатар, отандық және шетел архивтерінен әкелінген құжаттар негізінде жарыққа шыққан ІІ томдық «История крупных промышленных предприятий города Шымкент» жинағының тұсаукесері болды.

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жеке тектік қор құрушысы, Оңтүстіктің мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері, жастардың Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» – Шымырқұлов Еркінбек Өксікбайұлының жеке құжаттары мемлекеттік сақтауға алынып, архивтің қор құрушысы сертификаты табысталды.

Архив қызметкерлері «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төс белгісімен Г.Тұрысбек, Құрмет Грамотасымен Алимбекова Эра, Алғыс хатпен Төретай Қанат марапатталды.

Көркемөнерпаздар күй мен әндерін тарту етіп, көпшілік қатысушыларды сүйсінтті.

https://www.facebook.com/share/p/aqmfWmQ4Avtu13Cq/?mibextid=qi2Omg