
2023 жылғы 28 желтоқсанда Шымкент қаласы Әкімдігі Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы - Тащанова Салтанат Нұртасқызы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы - Даулетбаева Хорлан Дауренқызы, Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Сейтаева Алтын Кеңесқызының қатысуымен баспасөз брифингі тікелей көрсетілімде өтті.
Кездесу барысында архив ісі және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру жөнінде, сондай-ақ «Е-Архив» электронды-ақпараттық жүйесіне құжаттарды енгізуге байланысты әдістемелік көмек көрсетілгені айтылып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.
https://www.facebook.com/share/p/drN8HFpsvmDdus7d/?mibextid=qi2Omg