27.12.2023 жылы өткізілген «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбындағы өңірлік семинар

27.12.2023 жылы өткізілген «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбындағы өңірлік семинар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетімен ұйымдастырылған «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбындағы өңірлік семинар 2023 жылғы 27 желтоқсанда Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының акт залында жалғасты.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшылары, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасына қарасты архивтердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинарды Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бас маманы Гүлнар Тәжібайқызы Утенова кіріспе сөз сөйлеп ашып, өңірлік семинардың пленарлық бөлігінің модераторы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы - Тащанова Салтанат Нұртасқызы жалғастырды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және нормативтік -құқықтық актілерді жетілдіру туралы» ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы - Тащанова Салтанат Нұртасқызының, «Мекемелердегі құжаттардың сақталуы – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың негізі» ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы - Даулетбаева Хорлан Дауренқызының, «Архивтердің толықтырушы көздерінің ведомстволық архивтері – Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етудің негізі» Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыру бөлімінің басшысы - Шыңғысбекова Баян Төреханқызының, «Мемлекеттік архивтің толықтырушы көздеріндегі «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінің жұмыс жасауы» «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ, «Жаңақорған аудандық архиві» филиалының қойма меңгерушісі - Мусаханова Рахат Адырбекқызының, «Ведомстволық архив құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жұмысын жүргізу тәртібі» Қызылорда қалалық архиві филиалының бөлім басшысы Байғараева Жұлдыз Нұрпейісқызының, «Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік архивтерге жинақтау мен сақтау тәртібі мен талаптары» Түркістан облысы мемлекеттік архиві Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің сектор меңгерушісі Шымырбек Меруерт Лесбековнаның, «Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі ведомстволық архивті құру тәжірибесінен» Шымкент қаласы білім бөлімі №57 жалпы орта мектептің архивариусы Джузбаева Шұға Кумекбаевнаның баяндамалары /слайдпен/ тыңдалып, қатысушылар өздеріне қажетті мәліметтерін алып, пленарлық бөлім қорытындыланды.

Семинардың ІІ-бөлімінде секция бойынша жұмыс жүргізіліп, семинарға қатысушылар өздерінің жұмыс барысында кездескен мәселелерін айтып, сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Қонақтар танысу экскурсияларымен Шымкент қаласының Нотариаттық палатасының ведомстволық архивінің жұмыс барысымен, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің «Тарихыңды тани біл» атты көрмесімен, Ресей мен Өзбекстан мемлекеттерінен әкелінген Шымкент қаласының тарихына қатысты құнды құжаттармен, архивтің тыныс-тіршілігімен танысты.

https://www.facebook.com/share/p/fYxNkF5rkLCKZ43G/?mibextid=qi2Omg