«Архив ісі және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру» жөнінде әдістемелік көмек көрсету

«Архив ісі және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру» жөнінде әдістемелік көмек көрсету

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 26-27 желтоқсан күндері Шымкент қаласында үш өңірлер - Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстары мемлекеттік архивтерінің қызметкерлері, аталған өңірлердің мекемелері мен ұйымдарындағы архив ісіне жауапты мамандардың қатысуымен «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

         Семинардың бірінші күні, яғни 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы - Салтанат Нұртасқызы Тащанова және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы - Хорлан Дауренқызы Даулетбаеваның қатысуымен «Архив ісі және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру» жөнінде әдістемелік көмек көрсету мәселелері бойынша Шымкент қалалық мемлекеттік архиві мен Түркістан облысының мемлекеттік архивінің, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Кездесуде архившілер жұмыс барысында туындаған көптеген мәселелерді көтеріп, сұрақтар қойылып, өте түсінікті, сауатты түрде тиісті жауаптар берілді.

https://www.facebook.com/share/p/zpQzxL7S2YSqytxU/?mibextid=qi2Omg