
2023 жылдың 12-13-14-15 тамыз күндері сағат 20.00-де «Шәмші әлемі» аллеясында композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Shamshi» қалалық әншілер байқауы ұйымдастырылды.
Композитордың шығармашылығын дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелеріне кәсіби бағыт-бағдар беру, оларға қолдау көрсету мақсатында қалалық әншілер байқауының іріктеу кезеңі 12-13 тамыз күндері, ақтық кезең 14 тамыз, қорытынды Гала концерті 15 тамыз күні өтті.
Ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпейді. Төрт күн қатарынан шырайлы Шымқаламыздың аспанында әдемі ән қалықтап, тыңдарманға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Байқаудың талаптарына сай, 14 жастан бастап қаламыздың талантты ұл-қыздары қатысып, екі іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер ақтық кезеңде бақ сынасты. Тыңдарманды тәнті етіп, ақтық сыннан сүрінбей өткен өнерпаздарымызға қазылар алқасы өз бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Іс-шара барысында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Шакеев Сәкен Сейітханұлы құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздармарапатталды.
Байқауда қазылар алқасының қорытындысы бойынша Бас жүлдені Айдос Сұлтанбек жеңіп алса, І орынға Жандос Әшірбек, ІІ орынға Мәди Сатман мен Мамырхан Жұбатов, ІІІ орынға Самат Әзімқұлов, Аяулым Қойшыбай, Әмірхан Сапарбек және Дамелі Керимбекова лайық деп табылды. Сонымен қатар, әншілер арнайы номинациялармен де марапатталып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлық табысталды.