«Шымкент-Достастықтың мәдени астанасы» іс-шарасының ашылу рәсімі

«Шымкент-Достастықтың мәдени астанасы» іс-шарасының ашылу рәсімі

«Шымкент - Достастықтың мәдени астанасы» шарасының салтанатты ашылуына ТМД елдерінің  мәдениет және сыртқы істер министрлері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысуымен іс-шарада «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» мәртебесін ресми тапсыру салтанаты өтеді. Сонымен қатар, ТМД елдерінің өнер ұжымдары мен Шымкент қаласының өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерт өтеді. Шеруге ТМД елдерінің өнер ұжымдары мен Шымкент қаласының өнер шеберлері қатысады. Барлығы 700 адам. Іс-шараға жалпы 20 мыңға жуық көрермен қатысуы жоспарлануда