
Музей - кеше мен бүгіннің жалғасы. Тарих пен тағылым ордасы.
Ол- бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, өнерін, танымал тарихи тұлғаларын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған орталық. Сан ғасырлық тарихы бар, өткеннен сыр шерітетін музей күні әлем бойынша 1977 жылдан бері мамыр айының 18 күні аталып өтеді.
Музей - әр елдің әдебиеті мен мәдениетінің жаңғыру жолында, ескіден мирас болып, қанына сіңген, тамырында бүлкілдеп жатқан қасиеттерді, мәдени мұраны өскелең ұрпақтың санасына қалыптастырып келеді.
Осы орайда, төл таризымыз бен ұлттық идеологиямызды насихаттап жүрген барша музей қызметкерлерін және Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі ұжымы мен “Шым қала” тарихи- мәдени кешеніні ұжымын төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!