Сіздерді, Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Цитадельдегі түн» бағдарламасына шақырамыз

Сіздерді, Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Цитадельдегі  түн» бағдарламасына шақырамыз

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді, Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Цитадельдегі түн» бағдарламасына шақырамыз👏

1946 жылы Халықаралық музейлер одағы құрылып, 1977 жылдан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Жылдан жылға бұл шараның танымалдығы артып, деңгейі өсуде.

Дәстүрлі фестивальдің негізі «Музейлер түні» мерекесі ретінде аталып өтуді әдетке айналдырған. Жалпы «Музейлер түні» шарасының өтілуіне алғаш рет Франция бастамашы болған. Сондықтан 18 мамыр – Музейлерге бару, тамашалау ғана емес, музей қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі.

Карантин талаптарына орай шараға қатысу кезінде санитарлық талаптарды сақтауыңызды және өзіңізбен бірге қорғаныш құралдарын алып жүруіңізді сұраймыз.

Сіздерді күтеміз