
Жоралғы күні!
Бүгінгі қазақ қоғамына достық пен мейірбандықты, адамгершілік деген ұлы қасиетті дәріптейтін дәстүрлер ауадай қажет.
⠀ Қолда барда алтынның қадіріне жетіп, баға жетпес мол қазынамызды дәріптейтін кез келді. Дәл осы күні адамдар ет жақындарына сыйлықтар тарту еткені жөн. Ұлық мерекеде сый-сияпатқа кенелген адам ұзақ уақыт алған сыйлығын естен шығармасы анық. Әрі ол адам да сізге керемет тосын сый жасауы үшін алдағы Ұлыс күнін асыға күтетін болады. Сіздің келер жылға аман-есен жетуіңізді тілейді.
⠀ Баршаңызға мереке құтты болсын! Шаңырақтарыңыз ырысқа толсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

