
Ұлыстың ұлы күні!
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде Ұлыстың ұлы күніне орай «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ» атты іс-шара өтті.
Аталған іс-шарада Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің «Наурыз нақыштары» атты архив қыз-келіншектері арасында «Ең әдемі ұлттық киім», «Ең әсем ұлттық әшекей», «Ең дәмді ұлттық тағам» номинациясы бойынша сайыс өтті. Сондай-ақ қазақтың халық әндері орындалып, соңы ән-күйге ұласты.

