Ұлттық тағамдар күні!

Ұлттық тағамдар күні!

Ұлттық тағамдар күні!

Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған.

Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған биылғы жылдың күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде төл тағамдарымыз молынан жасалуы тиіс. Сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері дәл осы күні жаңғыруы қажет.

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ұлттық тағам күніне орай, қазақтың ең сыйлы тамағы қазы-қарта, құйрық-бауыр, ұннан әртүрлі тәттілерін пісіріп, ірімшік-құрттарын дайындап, дастархан мәзірін жасады.

Ұлттық тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық!