Тарихқа тағзым күні!

Тарихқа тағзым күні!

Тарихқа тағзым күні!

 

Тарихқа тағзым - ұрпаққа парыз демекші, бұл күні өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау да өте маңызды.

«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр»,- деп Платонның өз замандастарына айтқан бұл сөздерін кейінгі өскелең ұрпақ әрдайым есте ұстап, ұмытқан емес. Тарихқа тағзым күніне орай, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттер арасында дөңгелек стол ұйымдастырылды.

Дөңгелек столда студенттерді Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде мемлекеттік сақтауда тұрған 1928-1944 жылдар аралығындағы латын графикасында жазылған іс-жүргізу құжаттарымен, оның тарихымен таныстырып, қазіргі уақытта латын графикасының өзекті мәселе ретінде қаралып отырғандығын айтып өтті. Сондай-ақ архив құжаттарының тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар екендігін, архивтің ролін, келешек ұрпаққа мұра болып қалатын құнды байлық ретіндегі құжаттарды сақтайтын орын екендігін түсіндірді.