Шежіре күні!

Шежіре күні!

16 наурыз – Шежіре күні!

Қазақ - ата тек, арабтар шежіре - бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықта кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған.

Қазақ Шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса жазылады.

Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.

Наурыз мерекесін бірнеше күн тойлау дәстүрі түркітектес халықтардың біразына ортақ. Қазақстанда алғаш рет 2013 жылы Шымкентте бастау алған.

Шежіре күніне орай Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері өмірден өткен кісілерге, Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың рухына, қуғын-сүргін құрбандарына құран бағыштап, шелпектерін пісіріп, наурыз көжелерін таратты.