Жайлау күні құтты болсын!

Жайлау күні құтты болсын!

АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!!!

15-наурыз - Жайлау күні құтты болсын!

Кең байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды. Табиғат - ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.

Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамыздағы көгалдандырудың қаншалықты маңызды екенін түсіну қиын емес.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында «Қазақстан - қызғалдақтар мен алманың отаны» деп атап өтілген.

2002 жылы Нидерланды корольдігіне жасаған ресми сапары кезінде Елбасы Н.Назарбаевқа сол елдің ханшайымы Беатрикс ханым қызғалдақ жайында ағынан жарылып, былай депті: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай-ақ Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. Бұл гүл осылайша Нидерландыға кең тарады. Гүл саудасында да ол ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлін нидерландықтардың нөмірі бірінші экспорттық тауары. Сол үшін сіздің елге қарыздармыз»,- депті.

Алма болсын, қызғалдақ болсын, олардың түрлерін көбейтіп, сапасын жетілдіріп, әлемдік нарыққа төтеп беретіндей қазақстандық бренд қалыптастыру екенін Елбасы атап өтті.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі-біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі екен.

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері де бұл күнді мерекелік көңіл-күймен мекеме ауласын қардан тазартып, архив қоймаларын, мекеме кеңселерін тазалаудан бастады.