
14- наурыз - Көрісу күні құтты болсын!!!
Бұл мереке күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді.
Көрісу — ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша дәстүр.
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері де Наурыздың алғашқы күні «Көрісу күнін» ерекше көңілмен өткізді.
Барлығы бір-біріне «Бір жасың құтты болсын!...» деген мерекелік тілек-батасымен жүрек жарды тілектерін жеткізді, ұлттық тағамдарды ұсынып, ұлттық аспаптармен ән-күй шырқады.

