ШЫМКЕНТТЕ "ТІЛ ШЕБЕРІ" ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ "ТІЛ ШЕБЕРІ" ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ "ТІЛ ШЕБЕРІ" ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы үш тілді жетік меңгерген қызметшіні анықтау, қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау, олардың мемлекеттік тілге деген құрметін, тілді білудің маңызын арттыру мақсатында үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың қызметкерлері арасында «Тіл шебері» қалалық онлайн байқауын ұйымдастырып өткізеді.

Байқауға 21-35 жас аралығындағы үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатыса алады.

Байқауға қатысушылар төмендегі тапсырмалар бойынша сынға түседі:
✅1) «Тұсаукесер» – қатысушы өзін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырады (презентация жасау, тапсырмаға берілетін уақыт – 3 минут);
✅ 2) «Елтаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі экранда көрсетілген сурет бойынша үш тілде жауап беру. Бір тілде айтылған ой екінші тілде қайталанбауы керек (айтылатын ой қазақ тілінде басталып, орыс тілінде жалғасып, ағылшын тілімен аяқталады), (3 минут);
✅3) «Сөзтаным» – экранда көрсетілген сөйлемдерді оқып, орыс және ағылшын тілдерінде жылдам әрі мүдірмей аудармасын айту (2 минут);
✅4) «Ойтаным» – берілген ортақ тақырып бойынша мемлекеттік тілде эссе жазу. Көлемі 1 беттен аспауы керек (20 минут).

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тілдерді Оқыту-Әдістемелік Орталығы