
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
«7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай «Сәлем хат» акциясы ұйымдастырылуда.
«Сәлем хат» акциясы қаладағы «Көл» субұрқағы маңына арнайы тақтайша ілініп, мамыр айының 7-ші жұлдызына дейін акцияға қатысушылар әскердегі ұлына, сүйіктісіне арнап сурет салдырып, сол тақтайша жанына суретке түсіп немесе видио сәлемін жолдай алады. Бұл жылдағы дәстүрге айналуы керек.
Әскердегі жақыныңызды жылы лебіз, сағынышқа толы хатыңызбен қуантуға асығыңыз


