ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханаға келіп, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып шықты. Заман талабына сай оқырмандарға қызмет көрсету ісінің озық жетістіктерін көрген қала басшысы кітапхана қызметкерлерімен тілдесті.

Рухани шаңырақ халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Бүгінде кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап пен 6546 дана электронды кітап қоры бар. Ал, оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны 128 000, кітап берілімі - 216 000. Мұнда 96 қызметкер еңбек етеді.

Кітапхана қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы және кітап.kz қорын толықтыруға белсене атсалысуда. Цифрлық заманда кітапхана мобильді, смартжоба – QR - кітапхананы жүзеге асырды. Бүгінде 60-қа жуық жергілікті авторлардың көркем шығармаларын оқырмандар кітапхана сайтындағы штрих – код арқылы оқи алады.

Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Жас түлек», «Бәрін білгім келеді», «Мұрагер», «Дидарласу» Libclub «Глобус» мүдделестер клубтары жұмыс істейді.

Кітапхана қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.