Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімі объектілерге, әкімішілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстарға мониторинг жүргізеді, тиісті құжаттарды ресімдейді, олар бойынша қорытындылар дайындайды, ҚР Үкіметінің қаулыларының жобаларын, ономастикалық комиссиялардың қорытындыларының негізінде қалалық мәслихаттың және қалалық әкімдіктің бірлескен шешімдерін дайындайды, топонимикалық атаулар мен объектілердің деректер базасын және «Мекенжай регистрі» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
Шымкент қаласында барлығы 99 шағынаудан, 2829 көше бар. Оның ішінде атауы жоқ 152 көше (Абай ауданы – 18, Әл-Фараби ауданы – 9, Еңбекші ауданы – 36, Қаратау ауданы – 89), Шымкент қаласының аппаратына жолданып, Республикалық ономастика комиссиясына ұсынылған.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тарапынан 2021 жылы 326 құрамдас бөліктерге атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстар бекітіліп. Заңдастырылған көшелер мен шағын аудандар «Мекенжай ақпараттық» жүйесіне енгізілді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты № 28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Фариза Оңғарсынованың есімі, «№ 80 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ақселеу Сейдімбектің есімін беру және «№ 90 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абай Құнанбаевтың, «№3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімін беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсыныс енгізілуде.
Шымкент қаласының білім басқармасының «№61 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әшімжан Ахметовтың есімін беру бойынша Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналыстырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолданды.