ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА
2024 жылғы І жартыжылдықта Шымкент қаласы тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы ҚР мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Аманкулова» ЖК жеңіп алып жүргізді. Жүргізілген сауалнамаға жынысы, жасы, білім деңгейі мен тұрғылықты жеріне байланысты іріктелген 18 жастан жоғары 2000 респондент қатысып, қорытынды бойынша нәтижелер алынды.
Нәтижесінде:
- мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі – 97,8%;
- орыс тілін меңгергендердің үлесі – 87,6 % ;
- ағылшын тілін меңгергендердің үлесі – 24,2%-ті құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы ҚР мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ЖК «Ыбырай» жеңіп алып жүргізді.
Зерттеу жүргізілген сауалнамаға жынысы, жасы, білім деңгейі мен тұрғылықты жеріне байланысты іріктелген 16 жастан жоғары 2000 респондент қатысып, қорытынды бойынша нәтижелер алынды.
Нәтижесінде:
- мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі – 98%;
- орыс тілін меңгергендердің үлесі – 87,8% ;
- ағылшын тілін меңгергендердің үлесі – 24,4%