Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (директор) бос лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, мекенжайы: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 14.
Директор лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары білім. Кадрларды кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Жұмыс өтілі: республикалық, облыстық маңызы бар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кітапханалары үшін:
Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.
Кәсіби құзырлығы: ҚР Конституциясы, ҚР Бюджет кодексі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" кітапхана ісінің теориясы мен практикасын, отандық және шетел кітапханаларының жұмыс тәжірибесін және ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға,осы хабарландыру жарияланғаннан бастап 15 күнтізблік күн ішінде мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)
№ 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы үміткер өзінің қосымша: білімі, еңбек тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттардың көшірмесі, ғылыми дәрежесі, атағы ғылыми еңбегі, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хат) тапсыруына болады.
Конкурсқа мынадай үміткерлер қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттар мына мекен жайға жіберілуі тиіс: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 14, «Түркістан сарайы» ғимараты 3 қабат №304 кабинет(демалыс және мереке күндері эл.пошта арқылы қабылданады), эл.пошта: shymkent_madeniet@mail.kz
Анықтама телефоны: 8 (7252) 77-63-40-105, 8 702 155 54 34.