ШЫМКЕНТ: САЯБАҚҚА «ҚАЗАҚСТАН–ТҮРКИЯ ДОСТЫҒЫ» АТАУЫ БЕРІЛДІ

 ШЫМКЕНТ: САЯБАҚҚА «ҚАЗАҚСТАН–ТҮРКИЯ ДОСТЫҒЫ» АТАУЫ БЕРІЛДІ 

2023 жылдың 27 қазанда мемлекетіміздің Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қаладағы 11 шағын ауданда орналасқан саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауы берілді.

Салтанатты жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел ретінде Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтай отырып, осы саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауын беру туралы шешім қабылдадық, – деді қала басшысы.

Сондай-ақ қала әкімі: «Екі мемлекеттің ынтымағы мен достастығы артып, халықаралық аренадағы алпауыт мемлекеттерге айнала берсін!» – деп тілегін жеткізді.

Жиын барысында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Эврен Мюдеррисоглу ыстық ықыласын білдірді.

Түбіміз бен тегіміз бір Қазақстан халқымен саяси-экономикалық байланысымыз күшін жоймаған, тиісінше даму үстінде. Тамырымыздың тереңдігі себепті біз Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынасын ары қарай күшейтеміз, – деді Эврен Мюдеррисоглу.

Мерекелік іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, саябақта серуендеуге қолайлы жағдай жасалған.

қорытынды РОК қазақ тілінде
Дата публикации
27 ноября 2023