ШЫМСИТИ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҮРКИЯ КӨШЕСІНІҢ ТАҚТАЙШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

ШЫМСИТИ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҮРКИЯ КӨШЕСІНІҢ ТАҚТАЙШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ 

2023 жылдың 27 қазанда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен Шымсити шағын ауданында Түркия көшесі атауы берілген тақтайша орнатылды.

Салтанатты жиын басында қала әкімі іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

–        Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар алғашқы күннен достық пен бірлікке бастаған тұрақты байланыстарымыздың берік негізін қалаған.

Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қала көшелерінің біріне «Түркия» атауын беріп отырмыз. Бұл көше қаламыздағы ең жаңа әрі үлкен шағынауданда орналасқан.

Осындай іс-шаралар Қазақстан мен Түркиядай бауырлас елдердің достығын нығайтуға, бір-біріне деген құрметін арттыруға септігін тигізетініне сеніміміз мол, – деді қала басшысы.

Түркия көшесінің ашылуына Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Эврен Мюдеррисоглу, шымкенттік зиялы қауым өкілдері, түрік диаспорасы мен ақын, Физули атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Құрал Көмек және көше тұрғындары қатысты.

қорытынды РОК қазақ тілінде
Дата публикации
27 ноября 2023