Ономастика саласында атқарылған жұмыстар

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі №726 қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 сәуірдегі №2/18-VIII бірлескен шешiмiмен қаладағы 132 құрамдас бөліктерге атау берілді.

          Сонымен қатар, қаладағы атауы жоқ қайта атауды қажет ететін жалпы 292 құрамдас бөліктере (6-шағын ауданға қайта атау, 1-саябаққа атау беру, 21-көшеге қайта атау беру және 169-көшеге атау беру) және 12 мемлекеттік мекемеге (3,28,80,81,82,85,90,93,105,111,120 мектептер) Республикалық ономастика комиссиясының келісімін алу үшін 2023 жылдың 29 маусымда  №25-06-05/5654 хатпен ұсыныс жолданды.

          Сонымен қатар, қазіргі таңда қалада орналасқан көшелердегі ілінген тақтайшаның ілінуі, жеке тұрғын үйдің реттік нөмірінің көрсетілуі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі бекіткен ұсынымдағы тақтайша үлгісіне сәйкес болуын бақылау бойынша 2023 жылдың тамыз айынан бастап аудан әкімдіктерімен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Ономастика саласында атқарылған жұмыстар
Дата публикации
25 сентября 2023