Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 912 азамат курстан өтті. Оның ішінде қазақ тілінен -572, орыс тілінен-78, ағылшын тілінен-262 адам. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар-567, орыстар-150, өзбектер-133, өзге этностар-62 адам. Мемлекеттік қызметшілер-126, азаматтық қызметкерлер-786.
Қала бойынша (жекеменшік) оқу орталықтарында тіл үйренушілердің саны 23712-і құрайды. Оның ішінде : қазақ тілінен-40,орыс тілінен-8367, ағылшын тілінен-15305 адам.
«КАЗТЕСТ» диагностикалық тесттен 8 мекемеден 140 қызметкерлері өтті. Есепті кезеңде 3 байқау: Көркемсөз оқу шеберлері, , 1 семинар өтті.
Сонымен қатар, көрнекі ақпарат және жарнама мәтіндерін ретке келтіру мақсатында аудан әкімдерімен бірлесіп «Сәтті жарнама»атты қалалық акциясы өткізіледі. Акциялар мен іс шара барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»Заңы талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2023 жылғы 25 қаңтардағы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айында қаладағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 32 тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда: Бозарық, Қатынкөпір, Қызылжар, Тұрлан, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Ескі қала, Көркем, Қарасу, Химфарм шағын аудандарда, Қайнарбұлақ, Базарқақпа, Абдулабад, Тұрдыабат, Бадам-1 тұрғын алаптарында, Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптары көрсетілген арнайы брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстарды жүргізілді. Нәтижесінде 327 кәсіпкерлік нысандарды аралап, 168 нысан иелеріне ескерту берілді. Түсіндіру жұмыстарына қалалық Ассамблеяның өкілдері тартылып, өткізілген акциялар «Instagram» (shymkent_madeniet), «Facebook» (Мәдениет басқармасы) әлеуметтік желілері арқылы жарияланады.