Архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сақтауға 3926 сақтау бірлігі қабылданды. Оның ішінде: 2068- тұрақты, 1728- жеке құрам, 25-жеке тектік, 105-фотоқұжат.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына аясында мемлекеттік сақтаудағы архивтік құжаттарды цифрлық таңбаға көшіру бойынша ағымдағы жылы 576 000 парақ саны цифрландыру жоспарланып, жыл басынан бүгінгі күнге дейін (05.01.-30.08.2023жж.аралығы) 384975 парақ құжат цифрландырылды ( 66,8% ).
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке және заңды тұлғалдардан 6168 сұранымдар тіркеліп, орындалды. Оның ішінде: Қазақстан жеке, заңды тұлғалардан келіп түскені- 5533, ТМД және алыс, жақын шет елдерден келіп түскені-635. Тіркелген сұранымдардың барлығына заңнамамен белгіленген мерзімде жауап берілді.
Архив құжаттарын жарыққа шығару, жариялау мақсатында 2023 жылы әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) «Архив тынысы», «Архив құжаттары сөйлейді», «Шымкент қаласының Құрметті азаматтары» атты айдарлар ашылып, архивтің тыныс-тіршілігі, өткізілген іс-шаралар туралы 179 жарияланым жасалды.
Сонымен қатар, «Архив-2025» кешенді жоспарына сәйкес, архивтік құжаттар негізінде Шымкент қаласындағы алып өндіріс орындарының(Қорғасын зауыты, Химфарм, прессов-автомат, Шина зауыты, Фосфор зауыты т.б.) тарихы бойынша отандық, шетел архивтерінен әкелінген құжаттар негізінде жинақ шығару жоспарланған, осы бойынша тарихи құнды құжаттар зерделеніп, баспаға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Архив көздерін көпшілікке тарату, архив қорларының құрамы мен мазмұны туралы халықты ақпараттандыру мақсатында архившілер 101ақпараттық іс-шаралар өткізді, оның ішінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы бойынша 85 іс шара, 2- телебағдарлама, 3-мақала, 4-дөңгелек үстел, тарихи құнды құжаттар және жеке тектік қор құрушылардың құжаттары негізінде 7-көрме өткізілді.
Мекемелерде, ұйымдарда іс жүргізу және архив ісі талапқа сай болуын, құжаттардың толық әрі қалыпты сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес «Іс жүргізу және архив ісі» және «Ведомостволық архив ісі» тақырыбында, «Е-архив» ақпараттық жүйесі бойынша жалпы 44 іс-шаралар (семинар, практикалық-әдістемелік оқу, өндірістік оқу, дөңгелек үстел) өткізілді.