Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы "Шым қала" тарихи-мәдени кешені " КММ директоры лауазымына КОНКУРС жариялайды

Қазақсан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы                    2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы»                               №70 бұйрығының негізінде, Шымкент қаласынң мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шым қала» тарихи-мәдени кешені  

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне (лауазымына)                                    

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

Конкурс өткізу мерзімі: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, осы хабарландыру жарияланғанып 15 күн өткеннен кейін белгілейді.

 

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласынң мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, мекенжайы: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 14.

 

Директор лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:  Педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

 

Кәсіби құзырлығы:  ҚР Конституциясын, ҚР «Еңбек Кодексі»,  ҚР «Бюджет Кодексі», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы, ҚР «Мәдениет туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын  және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, мәдениет пен өнердің даму бағыттары мен келешектерін анықтайтын, ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережесін, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы туралы біліуі тиіс.  

 

Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі.

 

Кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Шым-қала» тарихи-мәдени кешені  мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәдениет саласында ғылыми-ағартушылық қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи ескерткіштерін жинақтап, сақтап  осы бағыттағы құндылықтарымызды көпшілікке насихаттау болып табылады.

Тарихи-мәдени мұра бойынша фото-, бейнетүсірілімдер және аудиожазбалар саласындағы жұмыстарды жүзеге асырады, тарих, мәдениет, археология, этнография жөніндегі материалдарды әзірлеуге және талдауға, оның ішінде аутсорсинг негізінде отандық және шетелдік ғалымдарды, сарапшыларды, мамандарды тарту.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға, конкурс өткізу туралы хабарландыруды жарияланғаннан кейін көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама/нысан 075/е;
  7. Уакілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама;
  8. Жеке куәлігінің көшірмесі;

 

Қатысушы үміткер өзінің қосымша: білімі, еңбек тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттардың көшірмесі, ғылыми дәрежесі, атағы ғылыми еңбегі, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хат) тапсыруына болады,

 

Конкурсқа мынадай үміткерлер қатыса алмайды:

  1. Он сегіз жасқа толмаған;
  2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген иәртіппен өтелмеген немес алынбаған соттылығы барлар;

    

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

 

Құжаттар мына мекен жайға жіберілуі тиіс: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 14, «Түркістан сарайы» ғимараты, 3-қабат, №304 бөлме, shymkent_madeniet@mail.kz

 

Анықтама телефоны: 8 (7252) 77-63-45. 8707-700-31-32.

 

Дата публикации
26 мая 2023