2023 жылғы 1 тоқсандағы Тілдерді дамыту саласы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

2023 жылдың 1 тоқсанында  357 азамат біліктілігін арттыруда, оның ішінде 197-сі қазақ тілінен, 42-сі орыс тілінен, 118-і ағылшын тілінен. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар 248, орыстар 38, өзбектер 36,өзге этнос-35. Мемлекеттік қызметкерлер 97, азаматтық қызметшілер-260.  

       2023 жылғы 17 ақпанда  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында 16-29 жас аралығындағы азаматтар арасында  «Көркемсөз оқу шеберлері» байқауы өтті.

       2023 жылғы 24 ақпанда тілдерді оқытып үйретуде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, сандық технология арқылы оқытудың түрлі жолдарын қарастыру, жалпы оқыту жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау мақсатында лингвист-ғалымдар, жергілікті атқарушы мемлекеттік орган қызметкерлері, белсенді тіл жанашырлары мен  мамандарының қатысуымен «Сандық технологиялар арқылы тілдерді оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдері» семинар-тренинг өтті.

         2023 жылғы 31 наурызда мұғалімдердің өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыру, инновациялық идеяларын қолдау, цифрлық технологиялар қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату, ағылшын тілін оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, қолдау, марапаттау мұғалімдердің беделін көтеру мақсатында 23-35 жас аралығындағы ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында «The Best Teacher» қалалық байқауы өтті.

          Жоспарға сәйкес, аталған іс-шаралар Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының  әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. 

 

2023 жылғы 1 тоқсандағы Тілдерді дамыту саласы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі
Дата публикации
27 апреля 2023