Архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сақтауға 2023 жылдың 1-і тоқсанында – 1718 сақтау бірлігі қабылданды, оның ішінде 921- тұрақты, 673- жеке құрам, 19-жеке тектік және 105 - фотоқұжат қабылданды (2022-1600).
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына аясында мемлекеттік сақтаудағы архивтік құжаттарды цифрлық таңбаға көшіру бойынша 2023 жылы 576 000 парақ саны цифрландыру жоспарланып, жыл басынан бүгінгі күнге дейін (05.01.-31.03.2023жж.аралығы) 144 260 парақ құжат цифрландырылып, ағымдағы жылға жоспарланған көлемнің 25% құрап отыр. 2023 жылдың 1-ші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан, алыс-жақын шет елдерден 2054 сұраным тіркеліп, орындалды, оның ішінде қанағаттанарлық жауаптар берілгені-783, қанағаттанарлықсыз жауаптар берілгені-1271, Қазақстанның жеке, заңды тұлғалардан келіп түскені- 1874, ТМД және алыс, жақын шет елдерден келіп түскені- 180 тіркеліп, орындалды. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығы) мемлекеттік қызметті ұсыну тек үш тәсілмен ғана - мемлекеттік қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі. Шымкент қалалық мемлекеттік архиві "Архивтік анықтамалар, архивтік көшірмелер немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қала тұрғындарына қызмет түрін алу бойынша түсіндіру мақсатында әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram) видеороликтер жариялап отырады. https://www.instagram.com/reel/CrcniE4IqyH/?igshid=MDJmNzVkMjY= , https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02pqd25jYZhz8AErnBCkYVhanXThraVAzKEt1JVhPYg9edWcFBj5ujhhCtSPEjWS4wl&id=100019240849519&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f .
Есепті кезеңде архивтік құжаттарды пайдалану және жарыққа шығару мақсатында фейсбук, инстаграм желілерінде «Архив тынысы», «Дара тұлғалар», «Архив құжаттары сөйлейді», «Шымкент қаласының Құрметті азаматтары» айдарлары бойынша – 81 жариялым жасалды.