
2019 жылы Шымкент қаласындағы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 92,3 %, орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 85,8 %, ағылшын тілін меңгерген халық үлесі – 21,9% құрады. Ағымдағы жылы 141 топ ұйымдастырылып, ондағы 2004 тіл үйренушінің 520 -сы қазақ тілін, 133-і орыс тілін, 773-і ағылшын тілін, 578 –і латын әліпбиінің курсын оқып шықты. Тіл үйренушілердің 551-сі мемлекеттік қызметші болса, 1453 -сі бюджеттік салалардың азаматтары. Ұлттық құрамы: 1658-і қазақ, 188-сі орыс, 75-і өзбек, 83-і өзге де этносты құрайды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 97 топта 1172 тіл үйренуші біліктілігін арттыруда. Оның ішінде: мемлекеттік қызметшілер саны – 17 топта 230, азаматтық қызметкерлер саны – 80 топта 942. Ұлт өкілдері: қазақтар – 919, орыстар – 118, өзбектер – 95, этнос өкілдері– 40 адам. Қазақ тілінен – 480, орыс тілінен – 137, ағылшын тілінен – 458, латын графикасынан – 7 топта 97 адамды құрайды.
Тілдерді оқыту орталығы бекітілген жоспарға сәйкес Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында 5 байқау, 2 семинар, 1 форум, 1 конференция ұйымдастырылып өткізілді.
Жалпы мекемелер мен ұйымдардағы қызмет барысында, азаматтық және еңбек қатынастары кезінде ресімделетін (өтініш, бұйрық, келісімшарт, акт сияқты 15 шақты құжат үлгісі қаралып, олардың ісқағаз ретінде сипаттамасы, түрлері, деректемелері, құрылымдық мазмұны, өзіне тән қалыптасқан 100-ден аса термині мен жазылуының стильдік ерекшеліктері т.б. толық баяндалған «Ресми құжат үлгілері» әдістемелік құралы әзірленді.
Сондай-ақ 300-ден астам қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдері мен 80-нен аса жұмбақтар ұсынылған «Қазақ – орыс – ағылшын тілінде мақал-мәтелдер мен жұмбақтар» көмекші құралы баспадан шықты. Аталған кітаптардың электронды нұсқасы яғни дискі түрінде 300 дана дайындалып, тіл үйренушілерге таратылды.
Шымкент қаласында мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша желілік кесте әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Кестеге сәйкес мемлекеттік органдарда, мекемелерде, жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде іс-шара ұйымдастырылып, атқарылған жұмыстар жергілікті БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерде жан-жақты насихатталып жатыр. Орталық ұйытқы болған іс-шараларға лингвист-ғалымдар, тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар және басқа да әлеуметтік топтардың мүшелері қамтылды.
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығынан 2021 жылы 1219 азамат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен курстан өтті. Оның 781-і қазақ тілінен, 105-і орыс тілінен, 333-і ағылшын тілінен біліктіліктерін арттырды. Тіл үйренушілердің 258-і мемлекеттік қызметші, 966-сы азаматтық қызметкер. Ұлттық құрамы: қазақтар – 877, орыстар – 139, өзбектер – 168, өзге этнос – 35 адам.
Тілдерді оқыту орталығы бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында 1 жылда 7 байқау, 3 семинар, 1 форум, 1 конференция ұйымдастырып өткізді.
2021 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талаптарын орындау мақсатында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы, Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы және Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Рухани жаңғыру” бөлімі бірлесе отырып «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ӨРКЕНИЕТ ЖОЛЫ» онлайн-семинар ұйымдастырылып өткізілді.
2021 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Тілдарын – 2021» қалалық байқауы өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың қызметкерлері арасында "Тіл шебері" қалалық онлайн байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Байқаудың мақсаты — үш тілді жетік меңгерген қызметшіні анықтау, қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау, олардың мемлекеттік тілге деген құрметін, тілді білудің маңызын арттыру.
Байқауға 12 үміткер қатысты.
2021 жылғы 24 маусымда тілдерді оқытып үйретуде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, сандық технология арқылы оқытудың түрлі жолдарын қарастыру мақсатында "Сандық технологиялар арқылы тілдерді оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдері" семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингке 80 адам қатысты.
Шымкент қаласында мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша желілік кесте әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Кестеге сәйкес мемлекеттік органдарда, мекемелерде, жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде іс-шара ұйымдастырылып, атқарылған жұмыстар жергілікті БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерде жан-жақты насихатталып жатыр. Орталық ұйытқы болған іс-шараларға лингвист-ғалымдар, тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар және басқа да әлеуметтік топтардың мүшелері қамтылды.
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығынан жыл басынан бері 534 азамат қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру бойынша курстан өтті. Олардың 315-і қазақ тілінен, 21-і орыс тілінен, 120-сы ағылшын тілінен және мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу курсынан 78 адам біліктілігін арттыруда.
Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында «Көркем сөз оқу шеберлері», «Тілдарын – 2022» байқаулары және жалпы оқыту жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау мақстаныда «Сандық технологиялар арқылы тілдерді оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдері» семинар-тренингі ұйымдастырылып өтті.