Шымкент қаласы әкімдігінің Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (МКҚК) «Шымкент сушар» ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға су ресурстарын беру қызметін жүзеге асырады.
Ағымдағы 2026 жылы кәсіпорын ауқымды шарттық науқан жүргізді. Су беру бойынша келісімшарттар 520 шаруа қожалығымен, 4 заңды тұлғамен, сондай-ақ 4500 жеке қосалқы шаруашылық жер телімдерінің иелерімен жасалды. Ағымдағы вегетациялық кезеңде суаруға жоспарланған жерлердің жалпы көлемі 4600 гектарды құрайды.
Қазіргі уақытта МКҚК «Шымкент сушар» су беру маусымы аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Науқанның басым міндеттері – суды үздіксіз және тұрақты беруді қамтамасыз ету, су ресурстарының шығынын барынша азайту және суару жүйелерінің тиімділігін арттыру.
Су беруді ұйымдастыру, каналдардың техникалық бақылауын жүргізу мақсатында арнайы кадрлар жұмылдырылды: учаске бастығы, 5 канал бригадирі және суды бөлу бойынша 23 бақылаушы-инспектор.
Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы 27 негізгі су бөлу торабы мен гидротехникалық құрылғыларды қамтиды. Су инфрақұрылымының барлық нысандары коммуналдық меншікте және Шымкент қаласының «Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ балансында тұр.
Анықтамалық ақпарат: МКҚК «Шымкент сушар» су бөлу тораптарының өткізу қабілетінің көрсеткіштері
|
№ |
Гидротехникалық құрылғы / су қабылдағыш атауы |
Резервтік қуат (м³) |
Бос қуат (м³) |
Қолжетімді қуат (м³) |
|
1 |
Жаңа Сайрам су (Оң жағалау) |
10 |
10 |
11 |
|
2 |
Оң жағалау Сайрам су 3 |
5 |
5 |
5,5 |
|
3 |
Шапырашты |
2 |
2 |
2,3 |
|
4 |
Өтеміс |
2 |
2 |
2,3 |
|
5 |
Қызыл су |
0,6 |
0,6 |
0,8 |
|
6 |
Чинат |
3,0 |
3,0 |
3,5 |
|
7 |
Чинат - 2 |
1,0 |
1,0 |
1,3 |
|
8 |
Сай ниже водопада |
5,0 |
5,0 |
5,5 |
|
9 |
Мешіт |
0,8 |
0,8 |
0,8 |
|
10 |
Құралас |
1,0 |
1,0 |
1,2 |
|
11 |
Улух |
2,0 |
2,0 |
2,3 |
|
12 |
Улух-2 |
1,0 |
1,0 |
1,2 |
|
13 |
Ханка |
2,0 |
2,0 |
2,3 |
|
14 |
Көк |
3,0 |
3,0 |
3,5 |
|
15 |
Темір |
1,0 |
1,0 |
1,2 |
|
16 |
Чумчак |
1,5 |
1,5 |
1,8 |
|
17 |
Шымкент |
1,2 |
1,2 |
1,5 |
|
18 |
Янгибай |
1,0 |
1,0 |
1,2 |
|
19 |
Текесу |
0,6 |
0,6 |
0,6 |
|
20 |
Көкбұлақ |
1,0 |
1,0 |
1,2 |
|
21 |
Қызылсеңгір |
1,0 |
1,0 |
1,2 |
|
22 |
Гүлдіреуін 1 |
1,0 |
1,0 |
1,5 |
|
23 |
Гүлдіреуін 2 |
1,0 |
1,0 |
1,5 |
|
24 |
Гүлдіреуін 3 |
1,0 |
1,0 |
1,5 |
|
25 |
Сасық 1 |
1,0 |
1,0 |
1,3 |
|
26 |
БМК |
3,0 |
3,0 |
3,5 |
|
27 |
Қосдиірмен |
2,0 |
2,0 |
2,5 |
Ескерту: Көрсетілген нысандардың барлығы пайдалануға берілген және Шымкент қаласының «Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ балансында тұр.
«Шымкент сушар» МКК-ның тұтынушы ұйымдарына
«Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шымкент сушар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №320-НҚ бұйрығына сәйкес «Шымкент сушар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының суды каналдар арқылы беру жөніндегі қызметтеріне 2026–2030 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік смета бекітілді.
Осыған байланысты, Сіздердің мекемелеріңізге көрсетілетін суды каналдар арқылы беру жөніндегі қызметтің тарифі 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 1 000 м³ үшін 699,98 (алты жүз тоқсан тоғыз теңге 98 тиын) мөлшерінде қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.
Қосымша: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №320-НҚ бұйрығының көшірмесі – 4 парақ.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
🔷 Шымкентте «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық бастамасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған World Cleanup Day халықаралық акциясы өтті.
🔷 Жалпы қалалық сенбілікке 43 мыңнан астам тұрғын қатысып, жастар, еріктілер, коммуналдық сала қызметкерлері және қала тұрғындары белсенді атсалысты. 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
🔷 Акцияның негізгі алаңдарының бірі А.Аскаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы болды. Мұнда тазалау жұмысына қала әкімі, 3000-нан астам жас пен еріктілер, сондай-ақ, коммуналдық сала қызметкерлері қатысты.
🔷 Табиғи ортаны сақтау және қоршаған ортаны байытуға да ерекше көңіл бөлінді. Қала әкімі акцияға қатысушылармен бірге дендрологиялық саябаққа 10 тиін мен 25 қырғауылды жіберіп, су айдынына 150 келі балық жіберілді.
🔷 Акцияға қатысушылар аумақты санитарлық тазалаудан өткізіп, тұрмыстық қалдықты жинады, ағаштарды санитарлық тұрғыда бұтап, басқа да абаттандыру жұмысын атқарды.
КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қаланың сәулеттік келбетін арттыру бағытында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы магистралдық көшелерге 1,6 млн дана біржылдық қызғалдақ және 1,6 млн дана көпжылдық гүл отырғызылды. Сонымен қатар, қаланың 10 көшесі мен жолайрығына жалпы саны 1 782 гүлді вазон орнатылды. Аталған жұмыстар шаһардың көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы әрі эстетикалық орта қалыптастыруға бағытталған.
А.Асқаров атындағы Дендросаябақ! Шымкент
Табиғаттың тыныштығы мен сұлулығы тоғысқан ерекше мекен. Мұнда таза ауа, жасыл желек пен әсем табиғат үйлесім тауып, жанға жайлылық сыйлайды.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген табиғи ресурстарды, әсіресе суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Аталған жұмыстар халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы да іске асырылуда.
Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы Елтай тұрғын алабындағы төтенше жағдайдың салдарын жою және монолитті канал салу мәселесі бойынша мынадай ақпаратты ұсынамыз:
«Гидропроект KZ» ЖШС бас жобалаушы ретінде «Шымкент қаласы, Елтай тұрғын алабындағы төтенше жағдайдың салдарын жою және монолитті канал салу» жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес «Елтай» каналын нығайту жұмыстары бойынша жалпы ұзындығы 910 метр канал арнасын бетондау және 1 700 метр ЛР10 маркалы Г образды латок орнату үшін жерінің негізін әзірлеу жұмыстары жүргізіледі. Жоба қазіргі уақытта сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Жобаның сметалық құны 599 526 мың теңгені (оның ішінде ҚҚС – 82 693,215 мың теңге) құрайды. Қаржыландыру 2026 жылғы 20 мамырдағы №4 хаттаманың 3-тармағына сәйкес қалалық бюджеттің резерві есебінен жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда жобаға қатысты «Шымкент қаласының жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы» КММ тарапынан 2026 жылғы 30 маусымда №5 салалық қорытынды берілді.
Шымкент қаласында қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қаланың сәулеттік келбетін арттыру бағытында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы магистралдық көшелерге 1,6 млн дана біржылдық қызғалдақ және 1,6 млн дана көпжылдық гүл отырғызылды. Сонымен қатар, қаланың 10 көшесі мен жолайрығына жалпы саны 1 782 гүлді вазон орнатылды. Аталған жұмыстар шаһардың көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы әрі эстетикалық орта қалыптастыруға бағытталған.
«Kazakhstan M-Gas» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтіп, оның барысында «ҚТҚ полигонында парниктік газдар шығарындыларын азайту» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.
Кездесу барысында тараптар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде пайда болатын парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру перспективаларын талқылады.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі – құрамында метанның едәуір мөлшері бар полигондық газды жинау және кәдеге жарату. Жобаны іске асыру атмосфераға шығарылатын метан көлемін азайтуға және полигонның қоршаған ортаға кері әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, түзілетін биогазды энергетикалық ресурс ретінде пайдаланып, электр және жылу энергиясын өндіру мүмкіндігі қарастырылуда. Осылайша, жоба парниктік газдар шығарындыларын азайтып қана қоймай, қалдықтардың энергетикалық әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Шымкентте жаздың аптап ыстығы күшейген шақта тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Қала аумағында субұрқақтар тұрақты жұмыс істеп, жасыл желектер мен гүлзарлар күшейтілген режимде суарылуда. Көшелерге су себіліп, қоғамдық орындарда салқындату шаралары ұйымдастырылуда. Саябақтар мен демалыс орындарындағы ауызсу бұрқақтары да тұрғындардың игілігіне қызмет етуде.
Мамандар күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта болмауға, көбірек су ішуге және күн сәулесінен қорғануға кеңес береді.
Шымкент әкімдігі қаладағы қолайлы жағдайды сақтау бағытындағы жұмыстарды аптап ыстық кезеңінде де үздіксіз жалғастырады.