Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың 1 тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

2025 жылдың 1 тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Слайд

1-слайд

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының 2025 жылға жоспарларған бюджеті 26 049,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде «МЖӘ» аясында іске асырылатын жобаларға (15 175,6 млн теңге),          Шымкент қаласының каналдардың техникалық жай-күйін күтіп ұстау және жақсарту, су ағынын бақылау және арттыру (3 106,6 млн теңге), күтіп ұстау шығындары (217,4 млн теңге), Дендрологиялық саябақтың күтіп ұстау шығындары (763,3 млн теңге), «Жасыл Белдеу» КММ күтіп ұстау (515,6 млн теңге), қала көшелері мен саябақ аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру (4 332,7 млн теңге) шығындарына бағытталған.

2-слайд

2024 жылы «Бадам» өзені бойынша Еңбекші ауданы Жыланбұзған, Тоғыс, Маятас тұрғын алабтары және Абай, Тұран аудандарындағы үш учаскеде (Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл) арнаны түзету және нығайту жұмыстары (жалпы ұзындығы 9,0 шақырымды құрайды) толығымен атқарылып, пайдалануға берілді.

2025 жылға «Бадам» өзенінің ең қауіпті учаскелері ұзындығы - 5,5 шақырымға жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу рейтингтік баллды жүйе арқылы Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасына ұсынылды.

3-слайд

Тұрғындардың өтініші бойынша қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, демеушілер есебінен Маятас тұрғын алабындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпір және ойын алаңшасы салынды. Қызылжар тұрғын алабында аспалы көпір салынып, пайдалануға берілді.

4-слайд

 «Кәусар» каналы (1 кезең-1,9 шқ, 2 кезең-2,6 шқ) салу жұмыстары 2 кезен 456 млн,  1 кезен 620 млн, «Диас Проект» ЖШС тарапынан демеушілік есебінен жобалық саметалық құжаттама әзірленді. «HYDROLIFE-2050» ЖШС-і мен келісім шарт (құны 456 млн теңге) түзіліп, жұмыстар атқарылуда.

 «Ақжар» су қоймасын- құлақтандыру жүйесін орнатумен күрделі жөндеу бойынша (әзірлеуші «МПК Проект» ЖШС,сомасы 70 990 млн теңге), «HYDROLIFE-2050» ЖШС-і мердігер мекемесі (құны - 516 млн). Жұмыстың 40% орындалды.

«Ақсай-Қарабастау» (ұзындығы 10 шқ, 131 млн) «2021 – 2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар» жол картасына енгізілген. «HYDROLIFE-2050» ЖШС-і мердігер мекемесімен (құны - 131 млн) келісім шарт түзілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары (925 метр) ағымдағы жылдың маусымына дейін толық аяқталады (650 м бітірген).

Қала аумағындағы каналдардың механикалық және санитарлық тазалау жұмыстары «ТЕЛҚОҢЫР» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Келісім шарт сомасы 360 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда механикалық және санитарлық тазалауға арналған каналдар шақырымы 268,94 ш.қ құрайды.

«Текесу» су қоймасы «Казгиппрвадхоз институты» тарапынан көпфакторлы тексеру және бөгеттерін декларациялау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, «Қызыл-Сеңгір» (көлемі 9,3 ш.қ) және «Янгибай» (көлемі 8 ш.қ) каналдарына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

«Қошқар-ата» өзенінің (Жангельдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейін) жағалауын абаттандыру бойыша жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ағымдағы жылы «Қошқар-ата» өзенінің (Жангельдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейін) жағалауын абаттандыру жұмыстарын атқару жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып, жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шарт түзілуде.

5-слайд

«БМК» каналы арқылы «Жаңа шек» каналына 200-250 л/с ағын су қаланы ылғалдандыру мақсатында босатылып отыр.

Бүгінгі таңда «Жаңа шек» каналы арқылы Аймауытов, Ақпан батыр, Иляев, Адырбеков, Тәуке хан даңғылы, Толстой, Ташенов Қазыбек би, Дулати, Шаймерденов, Желтоқсан, Темірлан тас жолы көшелеріне микроклимат қалыптасты.

Алдағы уақытта «Шымкент» каналы арқылы Дулати,Қазыбек би көшелерінің басынан бастап кіші Самалға және Абай паркі арқылы  Жаңа шек каналга қосу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда «Жаңа Шек» каналы арқылы бірқатар негізгі көшелер бойында қала микроклиматын жақсарту мақсатында суармалы жүйелер іске қосылды. Атап айтқанда, Аймауытов, Ақпан батыр, Иляев, Адырбеков, Тәуке хан даңғылы, Толстой, Ташенов, Қазыбек би, Дулати, Шаймерденов, Желтоқсан көшелеріне және Темірлан тас жолына ағын су жіберілді. Бұл жұмыстар аталған аумақтарда ауа температурасының төмендеуіне, шаң-тозаңның азаюына және тұрғындар үшін жайлы ортаның қалыптасуына оң әсерін тигізіп отыр.

             Алдағы уақытта қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын кеңейту мақсатында Шымкент каналы арқылы жаңа бағытта суармалы жүйені жалғастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Дулати және Қазыбек би көшелерінің басынан бастап Кіші Самал шағын ауданына дейін, әрі қарай Абай саябағы арқылы ағын су жіберу жоспарлануда.

6-слайд

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ (фонтан) бар. Қала аумағындағы субұрқақтар мен ұңғымаларды күтіп ұстау бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жауапты мердігер мекеме «Alem Energo Stroy» ЖШС-і анықталды.

Қазіргі таңда анықталған мердігер мекемемен келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізіліп тиісті тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, Орталық саябақ, Абай саябағы, Жеңіс саябағы, Әкімшілік іскерлік аумағындағы субұқақтарды толық граниттерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек қала аумағындағы су бұрқақтарды жуу, сынған граниттерін ауыстыру, суын уақытылы ауыстыру, істен шыққан насостарын жөндеп ретке келтіру жұмыстарымен айналысады. Келісім шарт сомасы 250 млн теңге.

7-слайд

Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы теңгерімінде 50 ескерткіш бар. Ескерткіштерді күтіп ұстау жұмыстарымен «Alem Energo Stroy» ЖШС айналысады. Аталған мердігер мекеме ескерткіштердің сыртқы келбетін жуу, сүрту, бояу, сынған граниттерін ауыстыру жұмыстарын жүзеге асырады. Гранит - 680 м2 берілген. Қазіргі таңда жаңарған гранит 575 м2 құрайды.  Келісім шарттың жалпы сомасы: 125, 328 млн тг.

 8-слайд

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан 2025 жылға қала аумағын көгалдандыру мақсатында            27 магистралды көшелерге ұзындығы-65,5 шақырым құрайтын, жалпы алаңы - 500 мың м2 жұмыстары атқару жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Абай», «Металлург», «Алатау», «Этно», «Жеңіс», «Отбасы Аллеясы» саябақтарында балалар ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстары атқару жоспарлануда.

Ақжар орманшылығында орман қорын молайту және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында жоспарлы көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 2023 жылы 36 гектар аумақта 30 000 түп көшет отырғызылды. 2024 жылдың көктемінде 24 гектарға 20 000 түп, күзінде 30 гектарға 25 000 түп көшет егілді. 2025 жылдың көктемінде 186 гектар аумақта 155 000 түп көшет отырғызылды. Жалпы алғанда, үш жыл ішінде 276 гектар жерге 230 000 түп көшет отырғызылды.

9-слайд

        Қаладағы магистралды көшелердің қиылыстары, айналма жолдар және жол жиектері бойынша 58 орынға 1 091 282 дана, ал саябақтар мен гүлзарларға 13 орынға 150 000 дана біржылдық сәндік гүлдер отырғызу көзделген. Отырғызылатын гүлдердің негізгі түрлеріне алиссум, ирезиния, вербена, агератум, барқытгүл (бархатцы) және лобелия жатады.

Көгалдандыру жұмыстары келесі аумақтық бөлініс бойынша жоспарланған:

Абай ауданы – 19 орынға 258 955 дана;

Әл-Фараби ауданы – 12 орынға 370 000 дана;

Еңбекші ауданы – 11 орынға 135 000 дана;

Қаратау ауданы – 14 орынға 181 654 дана;

Тұран ауданы – 8 орынға 145 673 дана;

Саябақтар мен гүлзарлар – 13 орынға 150 000 дана гүл егіледі.

Бұл көрсеткіштер 2024 жылмен салыстырғанда 13%-ға артық екенін атап өткен жөн. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда қала көшелері мен қоғамдық кеңістіктерінде егілетін гүлдердің саны айтарлықтай артқан.

2025 жылғы көгалдандыру жұмыстары барысында гүлдердің түр-түрі мен түстік үйлесімі де ескеріліп, қала көрінісін ерекше сәнді әрі үйлесімді етіп қалыптастыру көзделуде. Сонымен қатар, отырғызылған гүлдерге тұрақты түрде күтім жасау, суару және жаңарту жұмыстары да жүргізілетін болады.

Басқарма аталған жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты мердігер мекемелермен бірлесе отырып тұрақты бақылау жүргізуді жоспарлап отыр.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан 2024 жылы қала аумағын көркейту мақсатында мердігер мекемелер тарапынан магистралды көшелердің қиылысына, айналма жолдар, жол жиектеріне 108 орынға 220 741 дана көпжылдық раушан гүлдері отырғызылды.

10-слайд

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың сәуір айынан бастап Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді. Акция басталғаннан бері 317 мыңға жуық адам, 2301 өндірістік және кәсіпкерлік, 687 әлеуметтік нысан қатысып, 10145 бірлік техника жұмылдырылды, 24 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды.

Аталған жұмыстарға күнделікті 2000-нан аса жұмысшы, 150 арнайы техника жұмылдырылуда. Қала тұрғындары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері және ерікті жастар белсене атсалысуда.

Сонымен бірге қала аумағына «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2024 жылы 200 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.

Шымкент қаласы тұрғындарының тазалыққа қатысты ұсыныстары мен шағымдарын қабылдайтын телеграм желісіндегі «TazaQazBot» платформасы іске қосылған кезден бастап бүгінгі күнге дейін жалпы саны 205 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 159 өтінім бойынша тиісті жұмыстар толық орындалып,

7 өтінім бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындардың нақты мәселелерді көрсетпеуі немесе мекенжайларды белгілемеуі себептерінен 39 өтінім бойынша бас тартылды.

 

Қазіргі уақытта 2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары (әрі қарай – Жоспар) әзірленуде. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шілдедегі № 264 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларына» сәйкес мүдделі органдарға Қазақстан Республикасының Экология кодексіне 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесіне сәйкес проблемалық мәселелерді жою бойынша іс-шаралар туралы сұратулар жіберілді, оларға жауап алынды. Жоспардың жобасы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісілгеннен кейін қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

 

Дата публикации
10 июня 2025
Дата обновления
10 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
26-47-ОС. «DDS invest» ЖШС Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, Өндірістік аумағы, 116/1 ғимарат мекенжайында орналасқан «DDS invest» ЖШС-нің түсті металдарды балқыту цехына арналған Қоршаған ортаны қорғау бөліміне ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді
Хабарлама
19 октября 2026
«Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жұлдыз елді мекені, 347/1 учаскеде шыны ыдыс өндірісінің құрылысы» жобасы бойынша «New Projects Company» ЖШС-нің 16.10.2026 жылғы № KZ35RYS01965640 белгіленіп отырған қызмет туралы өтініші
Хабарлама
15 октября 2026
26-283. Шымкент қаласының білім басқармасының "№95 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жария талқылау хаттамасы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы