Меню

Страницы

Статья

«AirKZ» мобильдік қосымшасы

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атмосфералық ауа сапасының мониторингі нәтижесін жариялап отыратын «AirKZ» мобильдік қосымшасын әзірлегені туралы пайдалы ақпаратты жеткіземіз.

Жаңартылған «AirKZ» мобильдік қосымшасы 2020 жылдың 16  наурызынан  бастап пайдаланымда, онда жаңа градация қолданылады, елді мекендер карта бойынша қолжетімді, әрбір бақылау бекеті ластануға сәйкес түске боялған, заттардың өлшем бірлігі мг/м3-дан мкг/м3-ға ауыстырылған.

Бағдарламаны iOS және Android-та жүктеп алуға болады. Қазақстанның тұрғындары мен қонақтары еліміздің кез келген жерінде атмосфералық ауаның сапасы туралы біле алады. Мобильді қосымша картасында барлығы 46 елді мекен бар, оның ішінде: Шымкент қаласы, Түркістан қаласы, Кентау қаласы.

Пайдаланушы қажетті бекетті қолмен немесе геолокация деректері арқылы ең жақын орналасқан бақылау бекетін автоматты түрде таңдай алады. Қосымша таңдалған бекеттен алынған деректер бойынша ауадағы ластаушы заттар концентрациясының негізгі көрсеткіштерін көрсетеді (жинақтауға байланысты):

- азот диоксиді (NO2);

- азот оксиді (NO);

- РМ10 қалқыма бөлшектері;

- РР2.5 қалқыма бөлшектері;

- күкірт диоксиді (SO2);

- күкірт сутегі (H2S);

- көміртегі оксиді (CO).

Деректер сағат сайын жаңартылады. Мониторинг мәліметтерінен басқа, «AirKZ»-да әрбір заттың сипаттамасы және оның адам денсаулығына әсері туралы деректер бар. Сондай-ақ, қосымшада соңғы 24 сағат ішінде шоғырланудың өзгеру динамикасы туралы ақпаратта қолжетімді.

Дата публикации
04 мая 2020
Дата обновления
04 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
26-47-ОС. «DDS invest» ЖШС Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, Өндірістік аумағы, 116/1 ғимарат мекенжайында орналасқан «DDS invest» ЖШС-нің түсті металдарды балқыту цехына арналған Қоршаған ортаны қорғау бөліміне ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді
Хабарлама
19 октября 2026
«Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жұлдыз елді мекені, 347/1 учаскеде шыны ыдыс өндірісінің құрылысы» жобасы бойынша «New Projects Company» ЖШС-нің 16.10.2026 жылғы № KZ35RYS01965640 белгіленіп отырған қызмет туралы өтініші
Хабарлама
15 октября 2026
26-283. Шымкент қаласының білім басқармасының "№95 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жария талқылау хаттамасы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы