Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрығының негізінде «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына» қарасты А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру.
1) Конкурс Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы №10 ғимаратында, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында (prirodab@mail.kz) өткізіледі.
Мекеменің атауы, мекен-жайы, қызмет түрі:
«Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына» қарасты А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК мекен жайы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек-би даңғылы №101, индексі:160012.
Кәсіпорынның қызметі мен мақсаты ағаш және бұта өсімдіктерді қорғау,сақтау,молықтыру және пайдалану болып табылады.
2) Конкурс жарияланған лауазымның атауы- А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры бос лауазымы.
3) Лауазымға ұсынылатын кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
4) Лауазымдық айлықақы мөлшері -122 944 теңге (еңбек өтіліміне байланысты)
5) Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі мен оны қабылдау орны: Хабарландыру жарияланған күннен кейн 15 күн. prirodab@mail.kz электронды почтаcына жолдау, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы: Н.Назарбаев даңғылы №10 ғимаратында орналасқан.Анықтама телефоны:8 (7252) 24-75-68.
6) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1.Конкурсқа қатысуға өтініш;
2.Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3.Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6.Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7)Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1.Он сегіз жасқа толмаған;
2.Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.