Мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат (2022 жылға)

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен 21.02.2022 жылы бекітілген «2022 жылы Шымкент қаласының аумағында ағаш отырғызу, абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың іс-шаралар жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың 26-ақпан күні «Ағаш отырғызу - экологияға өз үлесіңді қосу» акциясы аясында, 19-наурыз күні «Таза табиғат» республикалық акциясы аясында жалпы қалалық сенбіліктер, 26-наурыз, 2-сәуір, 30-сәуір күндері коммуналдық сенбіліктер және 2-шілде күні «Birge-taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Сенбіліктерде ағаш көшеттерін отырғызу және қала аумағын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.

         Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қазандағы тапсырмасына сәйкес елімізде «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы аумағында қазан айында толық қалалық сенбілік өткізілді.

Жыл басынан өткізілген сенбіліктерге жалпы саны 161 мыңнан астам адам қатысып, 760 техника жұмылдырылды.

Дата публикации
28 апреля 2023