Шымкент қаласының әкімдігі тапарынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 57-тармағына және Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтарда қабылданған жаңа Экологиялық кодексіне (2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген) сәйкес 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әзірленді.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.