Мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат (2021 жылға)

Қазақстан Республикасы Президентінің 14.09.2020 жылғы №413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 96-тармағындағы Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі негізде өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен «Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық басқармалар бойынша сенбіліктің іс-шара жоспары» бекітіліп, 2021 жылдың наурыз айындағы сенбі күндері жалпы қалалық сенбіліктер және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 02.09.2021 жылғы №04-28/3012-И хаты бойынша 2021 жылғы 18 қыркүйекте еліміздің барлық аумақтарында «World Cleanup day 2021»/«Birge  – taza  Qazaqstan» бүкіләлемдік акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өткізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан жоспарланған 5 маусым «Эколог күні» мерекесі қарсаңындағы «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша да жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Аталған іс-шара қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеудің маңызды мақсаты қоқыстан тазартудан басталатын дәстүрді қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 2 қазан күні Шымкент қаласының аумағында күзгі абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шымқала – таза қала» акциясы аясында, Шымкент қаласының әкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» атты мерекелік іс-шаралар жоспарының 25-тармағы бойынша 27 қараша күні «Таза қала» акциясы аясында жалпы қалалық сенбіліктер өткізілді.

Жоғарыда аталған сенбіліктерге қаланың аудандық әкімдіктері, қалалық басқармалар мен оларға қарасты мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, студенттер, оқушылар, волонтерлар жұмылдырылды.

Дата публикации
20 мая 2022