Шымкент қаласының әкімдігі тапарынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 57-тармағын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы Шымкент қаласы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу жұмыстары аяқталып, «2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу» жобасына 2020 жылдың 29 желтоқсанында №KZ88VCY00818247 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы алынды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы шешім жобасы Шымкент қаласының мәслихатына ұсынылды. Алайда, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтарда қабылданған жаңа Экологиялық кодексі бойынша (2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген) қалалық маслихатпен дайындалған шешім жобасы қайтарылды.
Қазіргі таңда, 2021 жылы қабылданға жаңа кодекс талаптарына сәйкес Шымкент қаласы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әзірленуде.