Қала аумағында дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294,4 мың адамды құрап, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 28,6% құрады. 2020 жылға 30% жеткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 31 спорт мекемелері жұмыс жасайды. Осы мекемелерде 1152 жаттықтырушы 18796 спортшымен жұмыс жүргізуде.
|
- 2 жоғары спорт шеберлер мектебі; - 18 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері; - олимпиада резервін даярлау орталығы; - 5 спорт клубы; - «Жеңіл атлетикалық спорт кешені»; - «Орталық су-спорт кешені»; - «Қажымұқан атындағы орталық стадион»; - «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы; - дәрігерлік-дене шынықтыру диспансер. |
Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.
Қалада 856 спорттық нысан тіркелген.
- 3 стадион;
- 1 спорт сарайы;
- 1 оқу-жаттығу орталығы;
- 6 спорттық құрылғылар кешені;
- 12 спорт кешені;
- 32 спорттық манеж (жеңіл атлетикалық-3, футбол-1, ат манежі-1);
- 1 есу базасы;
- 5 тир;
- 1 ату алаңы;
- 1 хоккей корты;
- 436 жазықтықты құрылғылар;
- 23 теннис корты;
- 1 ипподром;
- 8 бассейн;
- 255 спортзал;
- 70 орнатылған спорт залдар;