Меню

Страницы

Статья

Спорттық іс-шаралар

Қала аумағында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340305 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санынан 31,2%-ды құрады.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен «Шымкент жастар лигасы» өткізілді.

Шымкент жастар лигасына 140 жалпы орта мектептің 536 командасы қатысты. Ойындарға 8569 оқушы қамтылды.

Әр спорт түрі бойынша 1-орын алған мектептерге 20 млн. теңге жүлде берілді. Аталған қаржы мектептің қажеттілігіне (интерактивті тақталар сатып алу, спорт залды жөндеу және т.б.) жұмсалуда.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларында шұғылданушылардың санын арттыру үшін, тиісті инфрақұрылымды және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында, спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру іске асырылуда.

Бүгінгі таңда, қалада 4096 балаға 71 спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 339,8 млн. теңге қаржы бағытталды. Бұл көрсеткіш 2021 жылы жалпы бос балалардың қосымша спорттық секциямен қамту үлесінің 5,3 %-ын құрайтын болады.

Мемлекеттік спорттық тапсырысқа бөлінген қаржы artsport.edu.kz ақпараттық порталына енгізілді.  Кәсіпкерден өтінім қабылданып, біліктілік іріктеу өткізілуде. Кәсіпкер баскетбол, бокс, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, еркін күрес, көркем гимнастика, пауэрлифтинг және шахмат спорт түрлерінен өтінім берген. Қазіргі таңда оқу-жаттығу сабақтары жүргізілуде.

Дата публикации
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Шымкент қаласының спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша Талдамалық есеп
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Социальные медиа

Sport Baskarmasy

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы