Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы онлайн бюджеттік мониторингі жүргізілді. Нәтижесінде 2025 жылғы 15 қазан бойынша жалпы сомасы 66 609,3 мың теңгеге хабарлама жолданған (85 жағдай). Оның ішінде расталғандары 15 822,1 мың теңге (33 жағдай), расталмағандары 49 194,9 мың теңге (41 жағдай), сондай-ақ 1 592,3 мың теңге (11 жағдай) бойынша тиісті жауаптар дайындалуда. Расталған жадайлар бойынша қаржылар толығымен қалпына келтірілген.