Конкурс өткізу мерзімі: Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізіледі.
Конкурс өткізілетін орын: «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мәделі Қожа көшесі, 1А ғимарат.
Мекеменің атауы, орналасқан орны, пошталық мекенжайы, телефоны, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы және негізгі қызметі: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әлімбетов көшесі, 45 үй, пошталық индексі 160005, спорт саласындағы медициналық қызметті жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі біліктілік талаптар:
кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Жалпы медицина" немесе "Емдеу ісі" немесе "Педиатрия" немесе "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша денсаулық сақтау;
еңбек өтілі:
Денсаулық сақтау немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде бес жыл, спорттық медицина саласында кемінде бес жыл, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін бес жыл емес, денсаулық сақтау немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін, және "Жалпы медицина" немесе "Бизнес, басқару және құқық" мамандығы бойынша "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін.
Конкурс қатысушылары білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Конституция);
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі);
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс);
"Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Үкіметтің № 1193 қаулысы);
педагогика, психология және физиология негіздері;
спорттық медицина;
дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну тиіс:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау басқарманың gov.kz ресми интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, мекенжайы: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 1А ғимарат, 304 кабинет, телефон: 8 (7252) 36-51-53 эл. пошта: sh.kutpanova@shymkent.gov.kz
.