Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су – спорт кешені» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су – спорт кешені» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

Конкурс өткізу мерзімі: Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде әңгімелесу өткізіледі.

 

Конкурс өткізілетін орын: «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мәделі Қожа көшесі, 1А ғимарат.

 

Кәсіпорнының атауы, орналасқан орны, пошталық мекенжайы, телефоны, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су – спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекенжайы және негізгі қызметі: Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қазиев көшесі, 2в үй, пошталық индексі 160005, спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі біліктілік талаптар:

  • «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары білім;
  • басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

 

Конкурс қатысушылары білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын. Сонымен қатар, дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесінің мазмұны «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бұйрығын және педагогика, психология, физиология негіздері, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын білуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

  • 18 (он сегіз) жасқа толмаған;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау басқарманың gov.kz ресми интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

 Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, мекенжайы: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 1А ғимарат, 304 кабинет, телефон: 8 (7252) 36-51-53 эл. пошта: sh.kutpanova@shymkent.gov.kz.

Дата публикации
19 мая 2026