Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шымкент қаласының спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша Талдамалық есеп

Шымкент қаласы                                                       09.06.2026 жыл

 

  1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген қызмет саласының атауы: дене шынықтыру және спорт саласы.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С.А. Жанизаков және бас маман С.Әсілбек жүргізді.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген кезең: 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 30 мамырға дейін.

 

  1. АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ БӨЛІМ

 

«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ (бұдан әрі - Басқарма) ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 8-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде 32 бағыт бойынша функцияларды жүзеге асырады, оның ішінде:

  • спортпен шұғылдануға арналған инфрақұрылымды құрады;
  • бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорт
  • жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  • спорттық жарыстар өткізеді;
  • бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
  • дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
  • балалар-жасөспірімдер дене даярлығы клубтарын құрады;
  • спортшыларға спорттық разрядтар береді және олардан айырады;
  • жаттықтырушыларға біліктілік санаттарын береді және олардан айырады;
  • жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады және басқа да функцияларды орындайды.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 55-бабына сәйкес бюджет қаражаты мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:

  • жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
  • республикалық маңызы бар қала мен астана құрама командалары мүшелерінің әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
  • шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру;
  • кәсіпкерлік субъектісіне коммерциялық құқықтарды беру.

Басқармада - штат саны: 18 оның ішінде басшылық құрам: 3
(басшы 1, басшы орынбасары 2), бөлім басшылары 4 (Бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімі, Оқу-әдістемелік және жоғары спорт жетістіктері бөлімі, Спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру бөлімі, Спорт мекемелерін қаржыландыру бөлімі), әртүрлі санаттағы қызметкерлер 19, бос орындар
саны 2.

Басқармаға мемлекеттік меншік нысанындағы 29 спорт ұйымы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жұмыс істейтін 5 спорт нысаны ведомстволық бағынысты болып табылады.

Аталған мекемелерде спорттың 65 түрі бойынша (оның ішінде 36 олимпиадалық және 29 олимпиадалық емес спорт түрі) оқу-жаттығу бағдарламалары іске асырылуда.

  1. Мемлекеттік мүлікті беру және спорттық қызметтерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы сатып алу

Шымкент қаласында спорт саласында жалпы құны 6,9 млрд теңгені құрайтын бірнеше мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (МЖӘ) жобасы іске асырылуда. Алайда аталған жобалар жаңа спорт объектілерін салуға немесе оларды мемлекеттік меншікке беруге бағытталмаған.

Іс жүзінде бюджет қаражаты жеке ұйымдардың балаларға спорттық қызмет көрсету шығындарын өтеуге жұмсалып отыр. Нәтижесінде МЖӘ инвестициялық инфрақұрылым құралы емес, спорттық қызметтерді сатып алу тетігі ретінде пайдаланылған.

Мысалы:

«GENS» ЖШС

2018 жылғы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Спорт басқармасы, Шымкент қаласының Спорт бөлімі және «GENS» ЖШС арасында №8 МЖӘ шарты жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес:

- жобаның құны – 535 млн теңге;

- іске асыру мерзімі – 5 жыл;

- қамту көрсеткіші – аптасына 288 бала;

- мақсат – балалар-жасөспірімдер оқ ату спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану.

Нәтижесінде жеке меншік «SHOOTING PLAZA» атыс кешені мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған. Бұл ретте жаңа объект салынбаған және мемлекеттік меншікке ешқандай мүлік берілмеген.

«OLYMPIC.KZ» ЖШС

2022 жылғы 30 желтоқсанда Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «OLYMPIC.KZ» ЖШС арасында №1/381/6/32 МЖӘ шарты жасалған.

Шарт талаптары:

- құны – 2,2 млрд теңге;

- мерзімі – 81 ай;

- қамту көрсеткіші – аптасына 572 бала;

- қызмет бағыты – ойын және жекпе-жек спорт түрлері бойынша БЖСМ қызметін ұйымдастыру.

Жоба шеңберінде де жаңа спорт объектісін салу немесе оны мемлекеттік меншікке беру көзделмеген.

«Жастар» дене шынықтыру-спорт қоғамы» ҚБ

- 2018 жылғы 4 сәуірдегі №5 шарт бойынша:

- құны – 443 млн теңге;

- мерзімі – 5 жыл;

- қамту көрсеткіші – аптасына 640 адам.

Жоба жекпе-жек және күштік спорт түрлері бойынша қызмет көрсетуге бағытталған.

ЖК «Құттыбеков Ж.Б.»

2020 жылғы 30 қыркүйектегі №1/381/4 шарт бойынша:

- құны – 545 млн теңге;

- қолданылу мерзімі – 2029 жылға дейін;

- қамту көрсеткіші – аптасына 192 адам.

Шарт «Али спорт» БЖСМ қызметін ұйымдастыруға бағытталған.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 3-бабына сәйкес МЖӘ-нің негізгі мақсаты инвестициялар тарту және инфрақұрылымды дамыту болып табылады.

Мониторинг барысында, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдану кезінде де заңнамалық олқылықтар мен құқықтық қайшылықтардың бар екендігі анықталды.

Жекеменшік спорт ұйымдарын қаржыландыруға бағытталған жекелеген МЖӘ жобаларының мазмұны олардың құқықтық табиғаты мен қолданыстағы бюджет және МЖӘ заңнамасының талаптарына сәйкестігіне қатысты негізді сұрақтар туындатады.

Бұдан бөлек, спорттық қызметтерді сатып алу мен балаларды спорт ұйымдарына қабылдау рәсімдерінің жеткілікті регламенттелмеуі бәсекелестіктің шектелуіне және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылмауына алып келуі мүмкін.

Бюджет кодексінің 151-бабына сәйкес МЖӘ шеңберіндегі бюджеттік инвестициялар объектілерді салуға, реконструкциялауға немесе ақпараттандыру объектілерін дамытуға бағытталуға тиіс.

Сонымен қатар дене шынықтыру және спорт саласындағы МЖӘ-нің үлгілік шарты жаңа спорт объектісін салуды және оны мемлекеттік меншікке беруді көздейді.

Аталған жобаларда бұл талаптар сақталмаған.

Сыбайлыс жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында спорт саласындағы МЖӘ жобаларын тек жаңа объектілер салу немесе реконструкциялау жағдайларымен шектеу қажет. Спорттық қызметтерді қаржыландыру мемлекеттік спорттық тапсырыс немесе мемлекеттік сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

МЖӘ жобаларының бір бөлігі веб-портал арқылы емес, қағаз форматында іске асырылған, бұл бәсекелестік қағидаттарын айналып өту тәуекелдерін арттырған.

«GENS» ЖШС бойынша жоба 2018 жылдан бастап іске асырылғанымен, компания МЖӘ веб-порталында тек 2024 жылғы 29 қаңтарда тіркелген.

Осы кезеңге дейін жобаларды іріктеу рәсімдері электрондық форматтан тыс жүргізілген.

Сонымен қатар 2024 жылы ppp.ecc.kz порталында 1,4 млрд теңге сомасына конкурс жарияланған («Шымкент қаласындағы балалар-жасөспірімдер оқ ату спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану»). Алайда конкурс талаптарында да объектіні салу немесе мемлекеттік меншікке беру көзделмеген.

МЖӘ жобаларын іске асыру рәсімдері ашықтық, бәсекелестік және тең қолжетімділік қағидаттарына негізделуге тиіс.

Қағаз форматындағы рәсімдер бұл қағидаттардың сақталуына күмән келтіреді.

Сыбайлыс жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында барлық МЖӘ жобаларын міндетті түрде бірыңғай электрондық портал арқылы өткізу және қағаз форматындағы рәсімдерді алып тастау қажет.

Балалардың нақты қатысуы мен спорттық дайындықтан өтуі бюджет қаражатын төлеудің негізгі өлшемшарты болып табылады. Алайда бұл деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталмайды.

Жоғарыда көрсетілген барлық МЖӘ жобалары бойынша қаржыландыру балалар санына байланысты жүргізіледі.

Сонымен бірге балаларды есепке алу жүйесі Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланбаған.

Нәтижесінде қызмет алушылардың нақты саны қағаз құжаттары негізінде ғана расталады.

Мемлекеттік қаражаттың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау үшін көрсетілген қызмет көлемі объективті түрде расталуға тиіс.

Қолданыстағы есепке алу тетіктері мұндай бақылауды толық қамтамасыз етпейді.

 

Шымкент қаласында дамытылатын басым және жоғары жетістіктер спорт түрлері тізілімі (1 кесте)

 

1.     Спорттың өңірлік басым спорт түрлері

Олимпиадалық

1.Ауыр атлетика 2.Бокс 3.Баскетбол 4.Байдарка және каноэде есу

5.Велоспорт 6.Батуттық гимнастика 7.Стенд ату 8.Нысана көздеу

9.Семсерлесу 10.Садақ ату 11.Дзюдо 12.Грек-рим күресі

13.Еркін күрес 14.Әйелдер күресі 15.Таеквондо 16.Қол добы 17.Жүзу

18.Көркем гимнастика 19.Спорттық гимнастика 20.Жеңіл атлетика

21.Футбол

Олимпиадалық (қысқы)

1.Фристайл (акробатика)

Олимпиадалық емес

1.Каратэ WKF 2.Кикбоксинг

Пара, Сурдо

 

1.Пара каноэ 2.Пара жүзу 3.Сурдо еркін күрес

Ұлттық спорт

1.Көкпар 2.Тенге ілу 3.Жамбы ату 4.Аударыспақ 5.Тоғызқұмалақ

6.Қазақ күресі 7.Асық ату 8.Бәйге 9.Дәстүрлі садақ ату 10.Жекпе-жек

2.    Жоғары спорт жетістіктері тізіліміне

енген спорт түрлері

Олимпиадалық

1.Волейбол 2.Баскетбол 3х3 3.Құзға өрмелеу 4.Үстел теннисі

5.Бадминтон 6.Триатлон 7.Конкур 8.Көгалдағы хоккей 9.Жағажай волейбол 10.Теннис 11.Регби

Олимпиадалық (қысқы)

1.Шорт трек 2.Конькиде мәнерлеп сырғанау 3.Шайбалы хоккей

Олимпиадалық емес

1.Самбо 2.Джиу-джитсу 3.Ушу 4.Шахмат 5.Белбеу күресі 6.Футзал

Пара, Сурдо

1.Пара жеңіл атлетика 2.Пара таеквондо

1.Сурдо жеңіл атлетика 2.Сурдо таеквондо

3.Сурдо грек-рим күресі 4.Сурдо дзюдо 5.Пара дзюдо 6.Пара пауэрлифтинг 7.Голбол 8.Пара садақ ату 9.Пара үстел теннисі

10.Пара таеквондо 11.Сурдо жүзу

Паралимпидадалық емес

1.Паралимпиадалық емес - Шахмат

2.Паралимпиадалық емес  - Тоғызқұмалақ

3.Шоудаун 4.Пара қол күрес 5.Бочча

 

1.Пауэрлифтинг 2.Қол күрес 3.Панкратион 4.Таеквондо ИТФ

5.Қоян қолтық ұрысы 6.Эстетикалық гимнастика 7.Өрт сөндіру-құтқару

8.Дойбы 9.Грэплинг 10.Унифайт 11.Шағын футбол

Спорт ұйымдарындағы қызметкерлердің жалпы саны 2 410 адамды құрайды, оның ішінде:

әкімшілік-басқарушылық персонал – 1 157 адам;

спорттық персонал – 1 253 адам.

Спорт ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны – 18 490 адам.

Соңғы үш жылда (2024–2026 жылдар аралығы) еңбекақы төлеу қорының көлемі 28 398 406 700 теңгеден асты.

Соңғы үш жылда (2024–2026 жылдары) аталған саланы дамытуға шамамен 75,8 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.  

 

№

Қаржыландыру бағдарламасы

2024 ж. сома

2025 ж. сома

2026 ж. сома

(мың тенге)

(мың тенге)

(мың тенге)

1

Жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізу

159433,9

537213,2

541177

2

Құрама командалар мүшелерін спорттық жарыстарға даярлау және олардың қатысуын қамтамасыз ету

12010643,4

11064448,8

8756414

3

Мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

10806250,6

11708454,01

11288261

4

Шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру

2724904,7

1772    670,4

0

5

Өзге бағыттар

940473,4

2306564,79

1252945

Жалпы

26641706,0

27389351,2

21838797,0

 

Қазақстан Республикасында оқу-жаттығу жиындары (ОЖЖ) мен спорттық жарыстардың бірыңғай күнтізбесі қолданылады («Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 7-бабының 39-тармағы).

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығы), бірыңғай күнтізбе республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлінеді.

Алдағы жылға арналған Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізу үшін ұсыныстарды жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін Басқармаға ұсынады (Қағидалардың 11-тармағы).

Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қағидаларда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады, атап айтқанда: өткізу мерзімдері, орны, қатысушылар саны өзгерген кезде немесе жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының бастамасы бойынша Басқарманың бұйрығымен енгізіледі (Қағидалардың 13-тармағы).

Алайда, тәжірибеде Бірыңғай өңірлік күнтізбе алдағы жылға Басқарма басшысының бір ғана бұйрығымен бекітіледі.

 

  1. Құжат айналымы кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Мәселен, 2025 жылға арналған Бірыңғай өңірлік күнтізбе Басқарма басшысы М.Мықтыбековтың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 953 бұйрығымен бекітілген.

2026 жылға арналған Бірыңғай өңірлік күнтізбе Басқарма басшысының м.у.а Қ.Жолдықараевтың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 889 бұйрығымен бекітілген.

Олардың шынайылығы мен негізділігін қолмен бақылау және тексеру іс жүзінде мүмкін емес.

2025ж. – 2026ж. бүгінгі таңға дейін Басқармаға барлық жаттықтырушылардың оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы туралы мәлімдемелері, сондай-ақ тиісті спорт федерацияларының хаттары белгіленген құжат айналымы тәртібімен тіркеліп және қаралып түспестен, іссапарға жіберу туралы бұйрықтардың әзірленіп, бекітуге ұсынылатыны анықталды.

2025 жылы – бұйрық саны 781, жаратылған қаражат сомасы 1 657 215,4 мың теңге.

2026 жылы – бұйрық саны 377, жаратылған қаражат сомасы 808 617,9 мың теңге.

Құжат айналымының қағаз форматта жүргізілуі, спортшыларды даярлау және олардың жарыстарға қатысуының барлық кезеңдерінде цифрландырудың болмауы, осы саладағы бақылаудың жеткіліксіздігі, сондай-ақ Басқарма лауазымды тұлғаларымен тікелей байланыстардың орын алуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына объективті түрде ықпал етеді.

Аталған практика шешім қабылдау рәсімдерінің ашықтығы мен есептілігі қағидаттарының сақталмауына, құжаттарды ресми тіркеу және қарау тәртібін айналып өтуге мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде лауазымды тұлғалардың кең дискрециялық өкілеттіктерін негізсіз пайдалануына, жекелеген тұлғаларға артықшылық беруге, сондай-ақ шешім қабылдау процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасайды.

 

  1. Күнтізбелік жоспардан тыс іс-сапарлар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысты

Сонымен қатар, спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жоғары жетістіктер спорты бойынша жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидаларының негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы)

Бұл ретте, Департаментпен іріктеп жүргізілген мониторинг нәтижесінде спортшылар мен жаттықтырушыларды іссапарларға және ОЖЖ жіберу барысында бюджет қаражатын пайдалану кезінде бекітілген күнтізбелік жоспар талаптарының сақталмау фактілері анықталды.

Шымкент қаласының  «Олимпиада резевін даярлау орталығы» КММ-нің (бұдан әрі – ОРДО) 2026 жылға бөлінген қаражат сомасы – 680 169 000 теңгені құрайды. Оның ішінде ОЖЖ және жарыстарға 84 780 000 бөлінген.

ОРДО-ның Басқарма басшысының келісімімен 2026 жылға арналған бұқаралық – спорттық, сауықтыру негізгі қалалық іс-шаралары мен республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспары бекітілген.

Аталған жоспарда 1560 іс-шара көзделген.

 

Дзюдо

()

Семсерлесу

Бокс

Еркін күрес

Әйелдер күресі

Грек рим

Байдарка

Жеңіл атлетика

Жүзу

Стенд ату

Таеквандо

Триатлон

Нысана көздеу

Каратэ

Үстел тенисі

 

Ауыр атлетика

164

98

228

75

58

153

39

41

39

52

151

36

32

85

203

106

 

3.1 ОРДО қызметіне қатысты

Атап айтқанда, 2026 жылғы 28 қаңтардағы №14-н/қ бұйрық негізінде жаттықтырушы А. Кенжебеков шәкірттері мен спортшыларынсыз Индонезия Республикасының Джакарта қаласында өткен семсерлесуден Азия чемпионатына жіберілген. Аталған іссапарға жол жүру, тұру және тамақтану шығындары үшін бюджет қаражатынан
993 000 теңге жұмсалған.

Бұл өз кезегінде, бюджет қаражатын негізсіз жұмсалуы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.

Сонымен қатар, іріктеп жүргізілген мониторинг барысында
ОРДО-ның келесі бұйрықтары анықталды:

Төменде көрсетілген іссапарлар мен оқу-жаттығу жиындарына жұмсалған жалпы шығын көлемі 2 801 522 теңгені құрады.

Алайда аталған іс-шаралар ОРДО-ның бекітілген күнтізбелік жоспарына енгізілмеген және тиісті жоспардан тыс ұйымдастырылған.

Нақты айтқанда, 2026 жылғы 08 қаңтардағы №7-н/қ бұйрығымен спортшылар 2026 жылғы 08 – 25 қаңтар аралығында Астана қаласына ОЖЖ-ға жіберілген. Шығын көлемі – 285 022 теңге;

2026 жылғы 26 қаңтардағы №12-н/қ бұйрығымен спортшылар
2026 жылғы 27 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Дағыстан Республикасына (Ресей Федерациясы) ОЖЖ-ға жіберілген. Шығын көлемі – 918 000 теңге;

2026 жылғы 28 қаңтардағы №13-н/қ бұйрығымен спортшылар
2026 жылғы 02 – 15 ақпан аралығында Алматы қаласына ОЖЖ-ға жіберілген. Шығын көлемі – 605 500 теңге.

Осыған байланысты, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану рәсімдерінің ашықтығы мен негізділігіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды.

Сонымен қатар, спортшыларды даярлау және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру процестерінің жеткілікті деңгейде цифрландырылмауы, құжат айналымының басым түрде қағаз форматында жүргізілуі, шешім қабылдау рәсімдерінің ашық еместігі және бақылау тетіктерінің әлсіздігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді.

Сондай-ақ, жоспардан тыс іс-сапарларды ұйымдастыру арқылы бюджет қаражатын жұмсаудың қажеттілігі мен мақсаттылығын объективті бағалау мүмкіндігінің төмендеуі, лауазымды тұлғалардың кең дискрециялық өкілеттіктерді пайдалануына жағдай жасалуы, сондай-ақ қаржылық ресурстарды негізсіз бөлу тәуекелі орын алады.

 

3.2 Шымкент қаласының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ қызметіне қатысты

Мониторинг барысында аталған мекеме бойынша да бекітілген күнтізбелік жоспардан тыс ұйымдастырылған іссапарлар мен спорттық іс-шаралар анықталды:

2026 жылғы 29 қаңтардағы №13 ж/қ бұйрығымен дзюдо спорт түрінен 3 спортшы 2026 жылғы 06 – 21 ақпан аралығында Қызылорда қаласына ОЖЖ-ға жіберілген. Шығын көлемі – 2 800 000 теңге;

2026 жылғы 15 ақпандағы №23 ж/қ бұйрығымен дзюдо спорт түрінен 3 спортшы 2026 жылғы 16 ақпан – 08 наурыз аралығында Астана қаласына ОЖЖ-ға жіберілген. Шығын көлемі – 1 228 500 теңге;

2026 жылғы 15 ақпандағы №24 ж/қ бұйрығымен бокс спорт түрінен 2 спортшы Тараз қаласында өткізілген К. Омаровты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысу үшін жіберілген. Шығын көлемі – 148 000 теңге;

2026 жылғы 27 наурыздағы бұйрық негізінде белбеу күресі спорт түрінен 3 спортшы 2026 жылғы 28 наурыз – 10 сәуір аралығында Алматы облысына ОЖЖ-ға жіберілген. Шығын көлемі – 834 000 теңге.

Аталған іссапарлар мен спорттық іс-шараларға жұмсалған жалпы бюджет қаражатының көлемі 5 010 500 теңгені құрады.

Сонымен бірге, бұл іс-шаралар мекеменің 09.01.2026 жылғы бекітілген күнтізбелік жоспарынан тыс негізде ұйымдастырылғаны анықталды.

Көрсетілген фактілер бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процесінде жеткілікті бақылаудың болмауы, іс-шараларды іріктеу кезінде айқын критерийлердің сақталмауы, сондай-ақ шешім қабылдау барысында субъективтілікке жол берілуі сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсетеді.

Бұдан бөлек, жоспардан тыс іс-шараларды қаржыландыру практикасы бюджет қаражатын тиімді және нысаналы пайдалану қағидаттарының бұзылуына, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне  алып келуі мүмкін.

Атап айтқанда, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде құжаттарды тіркеу мен қараудың белгіленген тәртібінің сақталмауы, бұйрықтарды ресімдеудің жеткіліксіз бақылауы, бекітілген күнтізбелік жоспардан тыс іссапарлар мен іс-шараларды қаржыландыру фактілері бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен негізділігіне күмән келтіріп, лауазымды тұлғалардың кең дискрециялық өкілеттіктерді жүзеге асыруына жағдай қалыптастырады.

 

  1. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарына сәйкес ұйымдарда лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру барысында жеке мүдделер мен қызметтік міндеттер арасында қайшылықтың туындауына жол бермеу қамтамасыз етілуі тиіс.

Сонымен қатар, ұйымдарда жақын туыстардың тікелей бағыныстылықта жұмыс істеуіне байланысты мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу мақсатында тиісті ішкі бақылау тетіктері көзделуі қажет.

Мониторинг барысында, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысы Жолдыкараев Қанат Жарылкапович осы Басқарма бағыныстылығындағы «Шымкент қаласының

№1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің оның туған інісі Жолдыкараев Самат Жарылкапович Шаруа-ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс атқаратыны анықталды.

Бұдан бөлек, Басқармаға бағынысты Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығы КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жекжаты (туған құдағиы) Ертай Айнур Бахадырқызы қызмет атқаратындығы анықталды.

Осыған байланысты, Басқарма басшысы өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес аталған тұлғаларға қатысты кадрлық, тәртіптік, көтермелеу, материалдық ынталандыру немесе өзге де басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында мүдделер қақтығысының тәуекелі болуы мүмкін.

Бұл ретте, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабының (жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу) талабы бұзылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу сақталмаған.

Аталған тұлғалар арасындағы жақын туыстық қатынас олардың жеке мүдделері мен лауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылық туындау тәуекелін қалыптастырып, қызметтік міндеттерін объективті орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Аталған мәселелер бойынша Шымкент қаласы әкімі аппаратына бағынысты барлық мекемелерде мониториг жүргізіп, нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шешім қабылдау ұсынылады.

 

 

 

«e-Sport» ақпараттық платформасы

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2024 жылғы 19 тамыздағы тапсырмасын іске асыру мақсатында Туризм және спорт, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, 2025 жылдан бастап спорт саласындағы инфрақұрылым объектілерін есепке алу, мониторинг жүргізу, статистикалық деректерді жинақтау және талдау үшін республикалық бірыңғай «e-Sport» ақпараттық платформасы енгізілген.

Алайда, Басқарманың 2026 жылғы 19 маусымдағы №18-6-04/818 хатына сәйкес, қазіргі уақытта e-Sport платформасына қолжетімділіктің болмауы және бағынысты ұйымдар тарапынан жүйеге енгізілген деректер бойынша ақпараттың ұсынылмауы аталған жүйенің тиімді жұмыс істеуі күмән келтіруде.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

Деректердің толық және уақтылы енгізілмеуіне байланысты спорт ұйымдары, федерациялар және жергілікті атқарушы органдар тарапынан ақпараттың толық енгізілмеуі немесе кешіктіріліп ұсынылуы нақты көрсеткіштердің бұрмалануына алып келуі мүмкін.

Бұл өз кезегінде:

  • спорт объектілерінің нақты санын жасыруға;
  • спортшылар контингенті туралы жалған немесе толық емес мәліметтер ұсынуға;
  • бюджет қаражатын жоспарлау және бөлу кезінде негізсіз шешімдер қабылдауға;
  • бақылау және мониторинг рәсімдерін айналып өтуге жағдай туғызады.

Жүйенің жекелеген модульдерінің сынақ режимінде жұмыс істеуі және функционалдық мүмкіндіктерінің толық іске қосылмауы ақпаратқа қол жеткізудің шектелуіне, сондай-ақ деректерді өңдеу процестерінің ашықтығының төмендеуіне алып келуі мүмкін.

  • ақпаратты қолмен түзету мүмкіндігі артады;
  • қабылданған шешімдердің негізділігін тексеру қиындайды;
  • жауапты тұлғалардың әрекеттеріне бақылау әлсірейді.

Ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталмауына байланысты өңірлік және ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграцияның толық аяқталмауы деректердің қайталануына, сәйкессіздігіне немесе әдейі бұрмалануына мүмкіндік беруі ықтимал.

Бұл:

  • статистикалық есептіліктің шынайылығына әсер етуі;
  • мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезінде теңсіздікке жол беруі;
  • қаржыландыру көлемдерін негізсіз ұлғайту немесе төмендету тәуекелдерін қалыптастыруы мүмкін.
  • Статистикалық есептілікті қалыптастырудағы тәуекелдер

Өңірлер арасында деректерді жинау мен жаңартудың бірыңғай тәртібінің сақталмауы көрсеткіштердің салыстырмалылығын төмендетеді.

Осының салдарынан:

  • жалған статистикалық көрсеткіштер қалыптасуы;
  • қызмет нәтижелерін жасанды түрде жоғарылату фактілері орын алуы;
  • мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы бұрмаланған ақпарат ұсынылуы мүмкін.

Кадрлық және цифрлық құзыреттерге байланысты жүйемен жұмыс істеу дағдыларының әртүрлі деңгейде болуы деректерді енгізу кезінде қателіктерге және жауапкершіліктің нақты бөлінбеуіне алып келуі мүмкін.

Бұл ретте:

  • лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне бақылау әлсірейді;
  • ақпараттың дұрыстығы үшін жауапты тұлғаларды анықтау қиындайды;
  • қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану тәуекелі артады.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар e-Sport платформасын пайдалану барысында деректердің ашықтығы, дұрыстығы және толықтығы қағидаттарының сақталмауына, сондай-ақ мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдау процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін.

Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелердің толық интеграциясын қамтамасыз ету, деректерді өзгерту және түзету әрекеттерін автоматты түрде тіркейтін бақылау тетіктерін енгізу, сондай-ақ статистикалық есептіліктің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

 

 

  • ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Жүргізілген талдау нәтижелері Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік функцияларды іске асыру барысында бірқатар жүйелі ұйымдастырушылық, қаржылық және құқықтық сипаттағы тәуекелдердің бар екенін көрсетті.

Жалпы алғанда, анықталған фактілер спорт саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау, бөлу және пайдалану рәсімдерін жетілдіру, құжат айналымы мен басқарушылық шешімдерді толық цифрландыру, күнтізбелік жоспарлардың сақталуына бақылауды күшейту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын құқықтық тұрғыдан қайта бағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.

Сондай-ақ, ведомстволық бағынысты ұйымдарда жақын туыстар мен жекжаттардың бірлесіп қызмет атқару фактілерінің анықталуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына қатысты тәуекелдердің бар екенін көрсетеді және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша бақылау шараларын күшейтуді талап етеді.

Осыған байланысты уәкілетті органдарға анықталған тәуекелдер мен бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық, құқықтық және бақылау шараларын қабылдау, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беру мәселесін қарастыру орынды деп есептеледі.

Жоғарыдағылардың негізінде төмендегілер ұсынылады:

  • Сыбайлыс жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында спорт секцияларына қатысатын балаларды есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесін енгізіп, оны Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялауға бастамашылық жасау;
  • Оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарға қатысуға байланысты бұйрықтарды әзірлеу тек мүдделі тұлғалардың тиісті өтініштері мен спорт федерацияларының ресми хаттары белгіленген тәртіппен құжат айналымы жүйесінде тіркеліп, қаралғаннан кейін жүзеге асыру жөнінде тиісті шараларды қабылдау;
  • Іссапарлар мен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру кезінде бекітілген күнтізбелік жоспар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, жоспардан тыс іс-шараларды қаржыландырудың құқықтық негіздері мен қажеттілігін нақты регламенттеу, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен есептілігін күшейту;
  • Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдарда жақын туыстар мен жекжаттардың бірлесіп қызмет атқару фактілерін және мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу мақсатында мониторингте көрсетілген тұлғаларға қатысты қарауды басқа лауазымды тұлғаға жүктеуге сондай-ақ, мүдделер қақтығысын болдырмауға бағытталған өзге де шараларды қабылдау;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында e-Sport платформасына жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз ету, енгізілетін ақпараттың дұрыстығына жауапты лауазымды тұлғаларды айқындау, жүйеге енгізілген мәліметтердің тұрақты мониторингі мен өзектілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдаланушылардың цифрлық құзыреттерін арттыру бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастыру қажет.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Sport Baskarmasy

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы