Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
Шымкент қаласының сәулет және қала құрлысы басқармасы
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінешалдыққанлауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Уәкілетті органның ұстанымы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
1. |
Басқарма басшысы |
Басқарманы басқарады, жалпы басшылық. |
Мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен/теріс пайдаланумен байланысты тәуекелдер |
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орта |
|
2. |
Басшының орынбасары |
Қаланың бас жоспары негізінде, қаланың жекеленген аумақтарына (бөліктеріне) егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жасақтау жұмыстарын қадағалау, тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану және олардың қорғау аймақтары мен құрылыс салуды реттеу аймақтарын белгілеу, жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарының жобаларын қарау және келістіру жұмыстарын үйлестіру, қаланың тиісті аумақтарына қала құрылыс және құрылыстардың сәулеттік жобаларын әзірлеуге конкурстарды қоғамдық талқылауды ұйымдастыру, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, құзырлы мекемелермен бірлесіп, тиісті жұмыстардың ұйымдастырылуын қадағалау, қала құрылыс жоспарлау жобалары негізінде регламент (қызыл, сары, құрылыс сызықтары және т.б.) талаптарының орындалуын қадағалау,Шымкент қаласы аумағында ҚР «Жарнама туралы» заңының сыртқы (көрнекі) жарнама бөлігі заңы бойынша мониторинг жүргізілуін қадағалау, Қала аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарының сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастырылуын қадағалау, Басшы болмаған жағдайларда Басқарма басшысының міндеттерін уақытша атқару |
Мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен/теріс пайдаланумен байланысты тәуекелдер. |
|
Орта |
|
3 |
Сәулет, қала құрылысы саласы мониторинг бөлімінің басшысы |
Басқарманың қаржылық процестерін ұйымдастыру, жоспарлау, есепке алу, есеп беру, үйлестіру және бақылау Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру, бақылау және өткізуге қатысу.Кадр жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Басқармаға келіп түскен арыз-шағымдар мен хаттардың (мемлекеттік мекемелерден, заңды және жеке тұлғалардан) мерзімінде орындалуын қадағалау. |
Мүдделер қақтығысы. Бәсекелестікті шектеу (техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «түзету», сатып алудың конкурстық емес тәсілі, балдарды дұрыс есептемеу, Тапсырыс беруші мен өнім берушінің сөз байласуы кезінде бағалардың демпингі), мәліметтерді өзге тұлғаларға жария ету мүмкіндігі. |
|
Орта |
|
4. |
Сәулет пен құрылыс талаптарына рұқсатнама беру бөлімінің басшысы |
Құрылысы біткен нысандардың тапсырыс берушімен бекітілген қабылдау актілерін есепке алу, статистика департаментіне есепті уақытылы тапсыруды қадағалау, Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімінде және сапалы орындалуын бақылау, Сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметте Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған тұлғалардың материалдарын тиісті органдарға шара көру үшін жолдау жұмыстарын үйлестіру; Қаржы министрлігінің 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес» мемлекеттік сатып-алу веб порталы арқылы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне сәйкес жұмыс тәжірибелерін растау (электронный депозитарий) бойынша жұмыстарды жүргізуді бақылау және қамтамасыз ету; Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) қала әкімінің шешімдерін рәсімдеу; |
Өз құзыреті шегінде құрылыс нысандарына рұқсат беру барысында мүдделер қақтығысы болуы мүмкін. |
|
Орта |
|
5. |
Сыртқы жарнама және мекен жайды тіркеу бөлімінің басшысы |
Шымкент қаласы аумағында ҚР «Жарнама туралы» заңының сыртқы (көрнекі) жарнама бөлігі заңы бойынша мониторинг жүргізу, Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға келіп түскен хабарламалардың тиісті мерзімде жауап берілуін қадағалау, Сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша Салық органдарына мерзімде қаржылық есеп беруді қадағалау, Жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайлары туралы ақпаратты жүйеге енгізуді қадағалау, Жылжымайтын мүлік нысандарына реттік нөмір беру, нақтылау, жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қадағалау |
Жарнама нысандарынан түсетін түсімдердің ашықтығын қол жеткізбеу мүмкіндігі және мекенжай тіркелімі жүйесінде қателіктер. |
|
Орта |
Басқарма басшысының м.у.а. Д. Мұқанов