Қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Білімі бойынша:
Техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, математикалық жəне компьютерлік модельдеу), экономика және бизнес (мемлекеттік жəне жергілікті басқару, жобаны басқару), құқық, қаржы мамандықтары бойынша жоғары білім.
Қажетті құзыреттер бойынша:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі бойынша:
Мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жылдан кем емес өтілінің болуы
Білуге тиіс:
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі − Қазақстан Республикасының Конституциясы);
2020 жылғы 29 маусымда № 350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі − "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң);
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оның кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» № 540 бұйрығын;
ұйымның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін және экономика дамуының басым бағыттарын және экономикалық қызметтің тиісті түрін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс, цифрландыру қызметтері саласындағы мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды;
кірістер мен шығыстардың бюджеттік сметасын және ұйымның (филиалдың) табыс әкелетін қызметінен алынған қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасын жасаудың және келісудің тәртібін, ұйымның (филиалдың) шаруашылығын жүргізу және басқару әдістерін, тиісті ауыл шаруашылығы саласының ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.
Лауазымдық міндеттері:
Шымкент қаласының ситуациялық орталығы қызметі саласындағы ұйымның (филиалдың) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
ұйым (филиал) мүлкінің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
ұйымдардың банктерді қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттің, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларының, өнім берушілердің, тапсырыс берушілердің және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісімшарттарын), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз етеді;
қазіргі заманғы техника мен озық технологияларды, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;
ұйымды (филиалды) білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
ұйымның (филиалдың) қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;
ұйымның (филиалдың) штаттық кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік теңгерімін бекітеді;
жұмыскерлерге уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді;
ұйымның (филиалдың) ұйымдастыру-басқарушылық құрылымын, жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
ұйымның (филиалдың) қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда ұйымның (филиалдың) мүліктік мүдделерін қорғайды;
ұйым (филиал) жұмыскерлерінің қосымша кәсіби білім алуын (біліктілікті арттыру, кәсіби қайта даярлау) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
ұйым (филиал) жұмыскерлерінің өз лауазымдық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
ұйым (филиал) жұмыскерлерінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидаларын және нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді;
конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысады;
өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурстың өткізілетін күні: 2021 жылғы 10 желтоқсан.
Құжаттарды қабылдау:
Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10 (ӘІО ғимараты, 9 қабат) мекен жайы бойынша жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7(7252) 24-74-62, 24-75-50