GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 октября 2026
I-SHYMKENT 109 – ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!

 Қала өміріне қатысты мәселелер туындаса, i-Shymkent 109 байланыс орталығына хабарласа аласыз.

📞 i-Shymkent 109 – тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейтін байланыс орталығы.

 Орталық қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді қабылдап, тиісті жауапты мекемелерге жолдайды. 

 Қандай мәселелер бойынша өтініш қалдыруға болады?

🔹 Аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығы;

🔹 Көшелер мен аулаларды жарықтандыру;

🔹 Электр энергиясы мен газға қатысты мәселелер;

🔹 Су құбыры және кәріз жүйесі;

 🔹 Жолдардың жағдайы мен шұңқырлар;

🔹 Қатты тұрмыстық қалдықты шығару;

🔹 Қаңғыбас иттер мен мысықтар;

🔹 Ашық тұрған және қақпақсыз құдықтар;

🔹 Қоғамдық көліктің жұмысы;

🔹 Денсаулық сақтау және білім беру салалары;

🔹 Әлеуметтік қолдау және басқа да қалалық мәселелер.

Қала тұрғындары төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:

1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы;
2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу арқылы;
3. Instagram парақшасында жекеге жазу арқылы: ishymkent.109
4. Facebook: IShymkent Kz
5. Telegram-bot: @shymkent_109_bot
6. Мобильді қосымша: Komek 109

05 октября 2026
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен AI Governance 500 бағдарламасына Басқарма басшысы М. Кемелов қатысты.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен AI Governance 500 бағдарламасына Басқарма басшысы М. Кемелов қатысты. 21–26 қыркүйек аралығында мемлекеттік басқаруды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу бағыттары бойынша білім мен тәжірибе жинақтады.

Бағдарлама аясында жасанды интеллектіні мемлекеттік секторда қолдану, цифрлық шешімдерді басқару және жаңа технологияларды енгізу мәселелері қамтылды. Оқу қорытындысы бойынша AI Officer сертификатына ие болды. Алынған білім мен тәжірибені Шымкент қаласындағы цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы жұмыстарда тиімді пайдалануға өз үлесін қосатын болады.

28 сентября 2026
КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – ЖАСТАР НАЗАРЫНДА

Қыркүйек – Кибермәдениет айы. Осыған орай Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы ұйымдастырған ақпараттық-түсіндіру шарасы Авицена медициналық колледжінде өтті.

Іс-шараға студенттер мен оқытушылар қатысып, цифрлық қауіпсіздік, интернет алаяқтығынан сақтану және жеке деректерді қорғау мәселелері талқыланды.

Кездесуде Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Ұлықбек Ернар Қайратұлы және Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ердәулет Қанатұлы сөз сөйлеп, қатысушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

21 сентября 2026
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕНДРОСАЯБАҚТА СЕНБІЛІК ӨТТІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕНДРОСАЯБАҚТА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін, 19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күніне орай А. Асқаров атындағы дендросаябақта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасының қызметкерлері сенбілікке қатысып, саябақ аумағын тазалауға атсалысты. Тазалық жұмыстары барысында қураған жапырақтар мен бұтақтар жиналып, ағаштардың түптері тазаланып, аумақтағы қоқыстар шығарылды.

Іс-шара қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда.

16 сентября 2026
ШЫМКЕНТТЕ «КИБЕРҚАУІПСІЗДІК КҮНІ» ФОРУМЫ ӨТЕДІ

🔷 Цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен 17 қыркүйек күні ақпараттық қауіпсіздікке арналған «Киберқауіпсіздік күні: цифрлық гигиена және деректерді қорғау технологиялары» қалалық форум-семинары өтеді.

🔷 Форум барысында студенттер мен жастарға интернет-алаяқтықтан қорғану, киберқауіптердің алдын алу, жеке деректерді қорғау және цифрлық гигиена туралы пайдалы ақпараттар ұсынылады.

🔷 Сонымен қатар қатысушыларды бағалы ұтыстар күтеді:

🏆 Негізгі сыйлық – iPhone 16
⌚ 2 және 3 орындарға – сымсыз құлаққаптар мен смарт-сағаттар
🎁 Қосымша сыйлықтар мен ұтыс ойындары.

🔷 Сонымен қоса, қатысушыларды фуршет және нетворкинг күтеді.

🔷 Форум соңында киберқауіпсіздік бойынша интерактивті онлайн-квиз өткізіліп, үздіктер анықталады.

🔷 Өтетін орны: «Көрме» орталығы;

🔷 Уақыты – 2026 жылғы 17 қыркүйек, 10:00-17:00

🔷 Пайдалы ақпарат, жаңа таныстар, қызықты формат және бағалы сыйлықтар – барлығы бір алаңда!

08 сентября 2026
Қыркүйек айы – Кибермәдениет айы!

Қыркүйек айы – Кибермәдениет айы!

Осыған орай Шымкент қаласында жоғары оқу орындары, мектептер мен колледждерде киберқауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары басталды.

Кездесулер барысында жастарға интернеттегі қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, киберқауіптердің алдын алу және цифрлық ортада сақ болу туралы пайдалы ақпараттар түсіндірілуде.

20 августа 2026
Болашақтың барлығы — IT саласында!

Бүгінгі таңда технология күн сайын дамып, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. IT — бұл тек компьютер мен бағдарламалар ғана емес, жаңа мүмкіндіктер, білім, бизнес, жасанды интеллект және болашақтың мамандықтары.

Осы бағытты қолдау мақсатында біз 10 моноблокты сыйға тарттық. Жастардың білім алып, заманауи технологияларды меңгеруіне өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Болашақ — білімді, заманауи технологияны меңгерген жастардың қолында! 

 

31 июля 2026
ИНТЕРНЕТ КАБЕЛЬДЕРІ НЕ СЕБЕПТІ ДЕМОНТАЖДАЛЫП ЖАТЫР?

🔷 Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының кейбір көшелерінде интернет кабельдерінің демонтаждалуына қатысты тұрғындардың шағымдары жариялануда.

🔷 Бұл жұмыстар инженерлік және қауіпсіздік талаптарын сақтамай орналастырылған кабель желілерін ретке келтіру мақсатында жүргізіліп жатыр.

🔷 Өткен жылы жүргізілген тексеру барысында сыртқы жарықтандыру тіректеріне интернет-провайдерлердің кабель желілерін заңсыз орналастыру фактілері анықталды. Мұндай кабельдер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ олардың мүлкіне қауіп төндіріп, апаттық жағдайлардың туындау қаупін арттырады.

🔷 Осыған байланысты интернет-провайдерлерге заңсыз орналастырылған кабель желілерін өз күшімен алып тастау жөнінде бірнеше рет ескерту беріліп, оларды баламалы инфрақұрылымға көшіру жолдары ұсынылды. Заңсыз орналастырылған кабельдерді демонтаждау қажеттігі туралы ресми хабарламалар 2025 жылғы қараша айында жолданып, талаптарды орындауға жеткілікті уақыт берілді.

🔷 Осы мерзім ішінде бірқатар провайдерлер талаптарды сақтап, кабель желілерін өз еркімен демонтаждады. Алайда кейбір байланыс операторлары ескерту мерзімі аяқталғанына қарамастан, талаптарды бүгінгі күнге дейін орындамаған. Сондықтан заңсыз орналастырылған кабель желілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы орган тарапынан мәжбүрлі түрде демонтаждалып жатыр.

🔷 Бұл жұмыстар тұрғындарды интернеттен ажырату мақсатында емес, заңсыз орналастырылған және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін кабель желілерін ретке келтіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатыр.

21 июля 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ СТРАТЕГИЯСЫ АЯСЫНДА 50-ДЕН АСТАМ ЖИ-АГЕНТ ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан экономиканың негізгі секторларына жасанды интеллект технологияларын енгізе отырып, цифрлық трансформацияны жеделдетуде. Еліміз мемлекеттік басқару мен бизнеспен өзара іс-қимылдың негізгі тетігі ретінде ЖИ-ді таңдап, AI-First архитектурасына көшуде. Қазіргі таңда өнеркәсіп пен энергетикадан бастап денсаулық сақтау мен білім беруге дейінгі 72 саланы қамтитын цифрлық трансформацияның 20 картасы бекітілді. Бұл бюрократиялық рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге және кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Қоғам игілігі үшін 50-ден астам ЖИ-агент жұмыс істеп, жоғары тиімділік көрсетуде. Денсаулық сақтау саласында «Cerebra AI» инсультті ерте диагностикалау жүйесі енгізілген аймақтарда өлім-жітім көрсеткішін 40%-ға төмендетті, ал ЖИ-терапевт ондаған клиникада дәрігерлерге табысты көмек көрсетуде.

Кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінуде: бизнес бастауға арналған ЖИ-көмекші бәсекелестік ортаны талдап, алғашқы кезеңде операциялық шығындарды екі есеге қысқартады.

Сондай-ақ, 24/7 режимінде жұмыс істейтін салықтық ЖИ-ассистент және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп құрылған қаржыландыру өтінімдерін сүйемелдеуге арналған мамандандырылған көмекші жұмыс істеп тұр.

Алдағы жоспарларда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін технологияларды ауқымды түрде енгізу көзделген. Атап айтқанда, абонент жауап бергенге дейін алаяқтық қоңырауларды бұғаттайтын антифрод-жүйелерді енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту үшін Vibe Coding тәжірибесі енгізілуде. Бұл оларға күнделікті жұмысты автоматтандыру үшін өз бетінше ЖИ-агенттер жасау мүмкіндігін береді.

Бұл экожүйені жүзеге асыру – проактивті сервистік мемлекет үлгісіне көшуге бағытталған ұлттық стратегияның көрінісі. Мұнда цифрлық шешімдер экономиканың орнықты өсуі мен мемлекеттің қоғаммен өзара іс-қимылының сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етудің сенімді құралына айналады.

15 июля 2026
Португалияның "Taguspark" технопаркінің басшысы мен цифрландыру басқармасы Smart City бағытында цифрландыру, инновациялар және ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Социальные сети
• Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы