Күделікті өмірде әр әр азамат мемлекеттік қызметті (неке тіркеу, бала туу, емханаға тіркелу, бизнес және т. б.) алу үшін әр түрлі қиындыққа ұшырап жатады. Мемлекеттік қызметті автоматтандыру, қашықтықтан қызмет көрсету көп жағдайларда оңтайлы шешім болып жатады.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру "Цифрлық Қазақстан"мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін мемлекеттік органдардың барлық үдерістері мен жүйелерін ықпалдастыру және қағаз құжаттар мен анықтамаларды алып тастау жоспарланған.
«Электрондық әкімдікті» дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қызметі «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру.
2019 жылы, жалпы Шымкент қаласының әкімдігімен 4 562 701 қызмет ұсынылса, оның 4 560 672-і жеке тұлғаларға, 2 029-ы заңды тұлғаларға ұсынылған.
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3 650 752 болса (80,0%), оның 3 649 963-і жеке тұлғаларға, 789-ы заңды тұлғаларға көрсетілген.
Ұсынылған мемлекеттік қызметтерден негізді бас тартылулар саны - жеке тұлғаларға - 5431 және заңды тұлғаларға 236 бірлік.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу бойынша 2019 жылы 9 факт анықталды, оның 2-уі жеке тұлғаның, 7-уі заңды тұлғаның өтінімінде орын алған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.